Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:43

Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 935 адам анықталды - ҰҚК

а
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қос азаматтығы бар бірнеше адамды анықтады.

2024 жылғы 14 мен 16 қазанында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады. Ұсталған адамдар одан әрі қаралуы үшін полиция органдарына берілді, делінген хабарламада.

Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтағанын айтты.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.