Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:20, 12 Шілде 2024

Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 329 адам сотталған

а
Фото: pixabay

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады.

Агенттік ақпаратынша, жыл басынан бері 876 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Оның едәуір бөлігі парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады. 592 адам әшкереленді, оның 107-сі әртүрлі деңгейдегі басшылар. 329 адам сотталды, деді Антикор.

Сонымен қатар, агенттік бұзылған құқықтар мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі залалды өтеу және активтерді қайтару екенін айтады.

Тегтер: