Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 20:56

Жыл қорытындысы: Жетісуда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 400 мың шаршы метрден асып, 11%-ға өсті

Нг

2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында негізгі салалардың барлығында, оның ішінде құрылыста және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында тұрақты өсімге қол жеткізілді. 

Атап айтқанда, 412,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы орайда Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында «Самұрық-Қазына» инвестициялық холдингінің қаражаты есебінен салынған 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтер кілттері әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға табысталды. Олардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар бар.

П

– Мен 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанмын. Екі баламды жалғыз өзім тәрбиелеп келемін. Біздің отбасымыз үшін жаңа жыл жағымды жаңалықпен басталып, бізге екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Енді өз баспанамыз бар, бұл біз үшін айтулы қуаныш, – деп ой бөлісті жаңа қоныс иелерінің бірі Орынбасар Қалалиева.

Оның сөзін Сарыөзек ауылының тағы бір тұрғыны Еркегүл Жомартбек те қостады:

П

– Мен ІІІ топтағы мүгедекпін. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тура он жыл, яғни 2016 жылдан бері тұрдым. Бүгінде отбасымыздың өз шаңырағы болғанына өте қуаныштымын. Менің үш қызым бар, жаңа пәтерде барлығына кең әрі жайлы болады, өйткені бізге үш бөлмелі пәтер берілді. Барлық жаңа қоныстанушыларды шын жүректен құттықтаймын және осы игі, сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін, – деді ол.

Сарыөзек ауылының тағы бір тұрғыны Еркегүл Жомартбек те осындай пікірде:

– Мен ІІІ топтағы мүгедекпін. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тура он жыл, яғни 2016 жылдан бері тұрдым. Қазір отбасымыз жаңа пәтеріне ие болды. Менің үш қызым бар, бізге берілген үш бөлмелі пәтер балаларым үшін кең әрі жайлы болатыны қуантады. Барлық жаңа көршілерімді шын жүректен құттықтаймын, осы игі іске үлес қосқан барша жандарға алғысымды білдіремін, – деді ол.

Г

Атап өтсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында кезекте тұрған 2166 азаматқа берілетін тұрғын үй дайындалды, соның 1002-сі жаңа қонысқа кірді, бұл ретте тұрғын үй бөлу функциясы өткен жылдың мамыр айынан "Отбасы банкке" берілген болатын.  

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай,