11:39, 03 Қыркүйек 2024
Жыл соңына дейін жаңа Бюджет кодексінің жобасы қабылдануы мүмкін
Жыл соңына дейін жаңа Бюджет кодексінің жобасы қабылданады деп күтілуде.
Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндады.
Жаңа кодекс мемлекеттік шығындарды бақылау мен шектеудің қатаң шараларын қарастырады. Бюджет кірістерін ұлғайту мақсатында салықтық әкімшілендіруді, цифрландыруды жақсарту, көлеңкелі экономиканы азайту, салық базасын ұлғайту және тиімсіз жеңілдіктерді оңтайландыру жөнінде шаралар қабылданатын болады, деді ол.