Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:18, 24 Маусым 2024

Жылжымайтын мүлік объектілеріне сән-салтанат салығы енгізіледі

с
Фото: pixabay

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин азаматтарға салынатын сән-салтанат салығы туралы айтты.

Оның сөзінше, аталған салықты 450 млн теңгеден асатын мүлкі бар азаматтар төлейді.

«Жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғарылатылған мөлшерлемесі қойылады. Кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге қосымша акциз салынады. Сонымен қатар қымбат тұратын алкоголь және темекi өнiмдерiне, сол сияқты қымбат теңiз кемелерiне, ұшу аппараттарына қосымша акциз салу көзделген», - деді Азамат Әмрин.

Тегтер: