Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 07 Желтоқсан 2023

"Жыныс мүшесін көрсетіп, қолына ұстатқан": Қызылордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімі анайы әрекет жасады деп айыпталуда

Қызылорда
Фото: из открытых источников

Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыға қатысты сексуальды сипатта әрекет жасады деп айыпталуда. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған, тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің әрекетінен төртінші сынып оқушысы зардап шеккенге ұқсайды. Педагог кәмелетке толмаған қызға жыныс мүшесін көрсетіп, қолымен ұстауға мәжбүрлеген. Қазір аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Мектеп әкімшілігі аталған жағдай бойынша қандай да бір ресми ақпарат беруден бас тартты.

"Қазір тергеу басталды. Анық - қанығы анықталады. Мұғалімге қатысты ақпарат бере алмаймын", - деді мектеп директоры.