Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
04:26, 06 Шілде 2023

ЖИТС-пен өмір сүретіндер қолдауға зәру

None
None

XX ғасырдың басында адамзаттың үрейін ұшырған ЖИТС дауасыз дерт саналды. Арада 30 жыл өткен соң, медицина жүзжылдықтың дауасыз дертіне шалдыққандарды емдеудің әдісін бір ізге салды.

Соның нәтижесінде, науқастардың ем-домы оң нәтиже беріп, өмір сүру деңгейі ұзарып келеді. «Әйткенмен, иммунтапшылық індетініңқұрбандары қолдауды әрдайым қажет етеді», – дейді Қарағанды облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Нағима Түлекбаева. 

Сұрақ: Қазақстанда алғаш ЖИТС жетіспеушілігі пайда болғанда, ғалымдар мен дәрігерлерғасыр індетіне тап болғандар әрі кетсе 10-15 жыл өмір сүреді деген болжам жасаған еді. Бүгінде бұл пікірдің кереғар тұсы бар дедіңіз. Оны немен дәлелдер едіңіз?

Жауап: Елімізде ЖИТС індеті ең алғаш рет Теміртау қаласында тіркелді. Содан бері отандық медицина барлық мүмкіндікті қауіпті вирусты ауыздықтауға жұмылдырып келеді. Денсаулық сақтау мекемелері ЖИТС-ке қазір де баса назар аударып келеді. Бүгінде иммунитет жетіспеушілігі синдромын емдейтін мамандар кеселдің вирус таратушылық сипаты  болмаса оны созылмалы ауру түрі ретінде қабылдайды. Себебі 90 жылдары ВИЧ-ке тап болғандар 10-15 жыл ғұмыр кешеді деген едік. Өз тәжірибемнен көріп жүргенімдей 30 жыл осы аурумен өмір сүріп келе жатқандар бар. Оларды позитивті көзқарастағы тиянақты емделушілер десек болады.

Сұрақ: «Қажырлы жандар бәрін жеңіп шығады!» деген теореманың жаны бар дегіңіз келеді ғой...

Жауап: Өкінішке қарай, пессимист науқастар да кездеседі. Өйткені ЖИТС-пен ауыратындардың психологиясы күрделі. Олар шешімнен тез ауытқиды, сәл қиындық туындаса сынуға бейім. Мұндайда тағдырлас жандар бірін-бірі жақсы түсінеді. Олай дейтінім, пациент дәрі-дәрмек қабылдаудан бас тартқан жағдайда біз «теңескен кеңес беруші» мобильдік тобын жұмылдырамыз.  «Теңескен кеңес беруші кімдер дегенге келсек, иммунтапшылық вирусына шалдыққандар. Қарағанды облысында осындай 8 мобильдік қызметкер жұмыс істейді. Науқастар олардың ырқына көнбеген жағдайда штаттағы заңгерге жүгінеміз. Заңгер тәуелді тұлғаларды әкімшілік кодексіне сәйкес, «қоршаған ортаға залал келтіруші» ретінде айыппұл төлеуге шақырып, мәжбүрлі түрде ем алуға көндіреді. Бірақ мұндай проблемалық фактілер сирек екенін айтқым келеді.

Сұрақ: Қалай болғанда да ЖИТС – қоғамға қауіпті індет. Бұл орайда, елді дереккөзі алаңдататыны анық. Қазіргі ахуал қандай?

Жауап: Жалпы, ел аумағында жағдай тұрақты. Бүгінде Қарағанды облысында 4 мыңға жуық адам осы дертпен өмір сүріп жатыр. Биылғы 5 айда өңірде жаңа 221 оқиға  тіркелді. Былтырғы жылдың осы кезеңінде 200 жағдай анықталған. Аймақта Теміртау көш бастап тұр. Одан кейінгі орынды Қарағанды қаласы басады. Алаңдатарлық жайт, ауыл аймақтардан жылда 5-10 пациент қосылу үстінде. Елге ЖИТС кеселі таныс болғанымен, халықтың басым көпшілігі әлі ВИЧ-тің қандай жолмен таралатынын білмейді. АИТВ көбінесе жыныстық қатынас арқылы, нақты айтқанда ерлі-зайыптылардың бірі бөгде біреуден вирусты жұқтырғанда пайда болады. Жалпы, ЖИТС-тен зардап шегушілердің 70 пайызы вирусты төсек қатынасынан жұқтырады.

Індеттің таралуының келесі себебі нашақорлар шаншу инелерін бір-бірімен бөліскенде ауруды бойына дарытады. Одан кейін бұл дерт  науқас анадан балаға беріледі. Бірақ әйел ЖИТС-пен ауырған күннің өзінде сау баланы тууға мүмкіндігі бар. Бұл орайда, антивирустық терапияны тұрақты алған аналардың  дені сау нәрестені дүниеге әкеле алады. Оған көптеген дәлелдер келтіруге болады.  Жұрт ЖИТС-тің таралуының қарапайым қағидасын біле жүргені абзал. Халық өз ортасында иммунтапшылық дертімен ауыратын адам барын білсе, одан бойын аулақ ұстап, тіпті онымен біржолата хабар үзеді. Әрбірден соң ол – қоғамды кемсітумен тең. ЖИТС-ке тап болған жан  адамдармен араласуға, дос болуға, білім алуға, қызмет істеуге құқылы. Тіпті халық арасында мұндай кеселге шалдыққан науқастармен бірге отыруға, олармен  бір стақаннан су ішуге болмайды деген үрей қалыптасқан. Қайталап айтамын, ЖИТС – бір адамнан екіншісіне биологиялық сұйықтық немесе қан арқылы берілетін індет.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Тегтер: