«Жиырмадағы өлеңде – шынайылық, елудегі өлеңде шеберлік басым»

30.04.2019, 19:18

138

Дүниеге екі түрлі көзқараспенқарайтын, әлемді екі түрлі жүрегімен қабылдайтын жалғыз тіршілік иесі – ақын. Әуеліпенде, кейін ақын боп екіұдай ғұмыр кешетін осы жазғандардың бір сөзін ұқсақ,бірін ұқпай, бір қылығын түсінсек, бірін түсінбей, бірін ұнатсақ, екіншісін мүлдежақтырмай біз де солармен қатар өмір сүріп келеміз. Бүгін кезіксең құшағын жайып,құрақ ұшып, ертең көрсең қытымырланып, жаңа танысқандай кержие қалатын кей ақындарымыздыңтабиғи болмыстары өздеріне шақ, жарасып тұрады. Биыл 50-ге қатарымен келіп жатқанМаралтай Райымбекұлы, Бауыржан Бабажанұлы, марқұм Әмірхан Балқыбек, былтыр ержасын тойлаған Жарас Сәрсектердің қай-қайсысын алсаңыз да, сондай табиғилығыменінілерін баурайды. Кейде бір-біріне әзілдеп тұрғанда «қышқылдау» сөздерінің қайсысырас, қайсысы шын деп даурығып қалатын кезіміз де бар. Әсіресе Бауыржан Бабажанұлыөз қатарластары туралы кіл тартымды эсселер жазды. Солардың әрбірінде осыбуынның әдебиетке деген іңкәрлігі мен дүниеге деген көзқарастары самсапжататын. Бір-біріне құрметпен, жақсы мағынасында бәсекемен қарайтын ақын ағалардыңшығармашылық өрістеріне бүгін біз көз тастап, расымен қайсысы мықты деп бас қатырамыз.Бас қатыратынымыз – бәрінің өлеңі жақсы. Мықты.

Осы бір мерейлікезеңді ескере отырып Бауыржан Бабажанұлымен сұхбаттасып едік. Сұрағымыз қаншалықтымардымды, жауап қаншалықты шынайы дегенге баға беретін сізсіз – қадірлі оқырман!

– Аға, алдымен 50 жасыңыз құтты болсын! Ақындар көбінежас күніндегі өлеңдерін айтсаң, «баяғыда жазылған ғой» деп айтуға ұялып жүредіяки ыңғайсызданады. Сіз елуге келген кезіңізде жиырмадағы өлеңіңізге қалай қарайсыз?

– Рақмет. Жиырма жасымда жазған өлеңдерімді оқып отырып езу тартуым мүмкін,бірақ ұялмаймын. Қайта сол жырларымды оқып отырып, жүріп өткен жолдарым есіме түседі.  Сағынышымды оятады.

– Жиырмадағы өлең мен елудегі өлеңнің не айырмасы бар?

– Жиырмадағы өлеңде– шынайылық, елудегі өлеңде шеберлік басым. Меніңше, айырмашылығы сол ғана.

– Сіздің өлеңдеріңізде қазақы ауыл бар. Әзіл бар, тураайта салатын мінез де, сарказм да бар. Осы бір қасиет сізге қайдан келді?

– Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда өстім. «Пәленше айтыпты» деген әңгімесол күні-ақ жұртқа тарайтын.  Сол айтқыш шал-кемпірлерден«жұққан»  шығар.

 – Қазір жастық шақтағы қай кезеңдеріңізді сағынасыз? Ондай сезім, жалпы, болама?

– Бала күнімді қаттысағынамын. Әкемнің тізесіне отырып жыр тыңдаған күндерім ең бақытты шақтарымекен. Біздің Бесқалада тойдың сәні – жырау еді. Той алдындағы кеңесте ағайын-туысқай жырауды шақыратынын шешетін. Тойдан бір күн бұрын алыстан келетін қонақтар  келіп, қона жатады. Сол күні жырау жырлайды.Екі жағында екі көтермеші отырады. Келген кісі әуелі  үй иесіне амандасып,  сосын, жырауға келіп ақша тастайды. Көтермешілерайқайлап, кімнің қанша тастағанын айтып отырады. Мысалы, сен 10 рубль тастасаң,көтермеші: «Тұрсынбайдың Бағашары ортаға 100 рубль тастады...»  деп айқайлайды. Он есе көтеріп айтады. Бірнешесағатта қонақтардың алды-арты толық жиналып болады. Әр үйге бөлініп, қонақасынжеп болған жұртшылықтың бәрі енді жыр тыңдауға жиылады. Бұл кезде жырлап отырғанынаүш-төрт сағат өткен жырау әбден бабына келеді. «Ортаға салу» дейтін дәстүр бар.Яғни жыршы өзі білетін дастандарды өлеңдетіп отырып  ортаға салады. Біреу он, біреу қырық дастансалуы мүмкін. Жиылғандар біреуін таңдауы тиіс. Бұл оңай емес. Біреу «ҚызЖібекті», біреу «Асау-Барақты» тыңдағысы келуі мүмкін. Кейде дау-шар ұзап баражатқанда: «Өй, болсаңдаршы, жырау суып қалатын болды ғой...» – дейді біреу жанұшырып.Сосын, ақсақалдар ортақ мәмілеге келеді. Жырау енді «аттың басын жібереді».  Қиқудың көкесін енді көресің. Жұртшылық туражырдың «ішіне» кіріп кетеді. Әлгінде ғана: «Саған жыр не керек, таңертең тұрмайсың,кет...» – деп тракторшысын қуып жүрген бригадир мен айнала қашып жүрген әлгісабаз екеуі қатар отырып қиқулайды. Жырау кеткесін бір апта, он күнге дейін түсіңетүрлі батырлар кіреді. Бұл – менің санамнан ешқашан өшпейтін, енді қайталанбайтынғажап сурет. Ал сен сағынатын сәттер бола ма дейсің…

– Адам қартайған сайын ақылы толысып, кемелденіп, дүниедебілмейтіні білгенінен көп екенін саналы түрде сезініп, одан ары ізденебастайды. Кеуде соғып, алға шықпайды. Жастық амбиция да жоғалады. Біз өзіміздіңәдебиетшілерді айтайықшы. Ақын-жазушыларымыз пейілге, көңілге зәру сияқты. Алашапқынкеш өткізіп, лауазымды тұлғалардың бәрінен құттықтау алып, жер-жерде сұхбатберіп дүркіретіп жатады.  Әр мерейтойсайын солай. Бұл даналықтың, рухани өскеннің көрінісі ме? Неге біздің ақын-жазушылармерейлі жасқа келсе, бәрінде бір сценарий қайталана береді?

– Сенің жасыңда мен де солай ойлайтынмын. Маралтай отызға толып, Жазушылародағында кеш өткізгенде  сол ойымдысахнадан айттым да. «Біздің кештерімізде тек қана өлең оқылады...» – дедім.Сонда сахнаға көтерілген Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары  Темірхан Медетбек ағам: «Бауыржандыкі жастықмаксимализм ғой, әр жастың өзіне сай құрметі болады. Сондықтан аға буынға түсіністікпенқараған дұрыс...» — деп пікір айтты. Расында да, солай екен. Сенің белгілі біржасқа толғаныңды еліңнің азаматтары елеп, той жасап беріп жатса, оның артықтығыжоқ деп ойлаймын. Ал енді кешті әртүрлі форматта өткізуге болады ғой.

– Сіздің кешіңіз де солай өтті ме?

– Иә, солай өтті. Ақтөбеоблысы әкімдігі ұйымдастырған кешке  Ұлықбек,Мереке, Есенғали ағаларым, Салтанат Айбергенова апам, Жанат Әскербек,  Лена Әбдіқалықова, Маралтай, Дәурен Қуат,Берік Жүсіп, Сағындық Рзахметов  достарымкелді. Әдебиеттің, өнердің маңында жүргендерін ғана айтып отырмын. Тек«жер-жерде сұхбат берудің» сәті түспеді. Рас, біраз БАҚ өкілдері сұхбат алғысыкеліп сұрақтарын жіберген, соған жауап жазуға уақытым болмады. Солардың бәріненкешірім сұраймын.  

– Осындай тойшыл мінезіміз қашан өзгереді? Әлде бұл өзгермеуітиіс құндылығымыз ба?

– Білмеймін. Білетінім, әдеби кештер жиі өтсе, одан халық ұтылмайды. Алматымен Астанаңызды қайдам, өңірлерде жұрт шөлдеп отыр.

–Сізүшін не құнды? Сіздің құндылықтарыңыз не?

– Отбасымныңберекесі, балаларымның амандығы, елдің тұтастығы.  Өз  болмысымдысақтай алсам, бастысы – сол.

– Сіз дұшпаныңыздың өзіне ғұмыр тілейсіз. Осы жек көретін,жамандық тілейтін кезіңіз бола ма?

– Болады. Тек...  біреугетілеген  жамандығым тура өз басымакеледі.  Кішкентай күнімнен солай. «Адамғаренжуге болмайды. Қатты көңіліңді қалдырса, Құдайға тапсыр...» – дейтін шешем.Сол кісінікі дұрыс екеніне көзім жетті. Бірақ пендеміз ғой, кейде біреулерге қаттыашуланғанда ғайбат сөздер айтып қаламын. Кешке жатарда  дұға оқығанда ағат айтқан сөзім, асылық ойлағанниетім үшін Алла тағаладан кешірім сұраймын.

– Сіз үшін әке үлгісі, ана өнегесі деген не?

– Әкем өзі сенген  шындыққа құлай басұрған, өз  дегенімен ғана өмір сүрген, қатал  адам болды. Уәде бермейтін, берсе орындайтын. Өтірік айтқанды жек көретін.  Ал шешем өте момын адам еді. Ол үшін әкемнің қас-қабағымен отбасы жылуынан артық дүние болған жоқ. Жұрт сыртынан «Үндемес» дейтін шешемоқта-текте шешілгенде  айтар ойынмысалмен, аңыз әңгімелермен жеткізетін. Сол екеуінің қасиеті,  жүз пайыз болмағанымен,  өз бойымда да бар деп есептеймін.

– Өзіңіз әкеңіздей, балаңыз сіздей бола алды ма?

 – «Бала әкеден ширек кем туады...» –дейді қазақ. Сол рас.

–Уақыт тауып, жауап бергеніңізгерақмет.

Фото: facebook.com

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39