Жоба бойынша Алматыда емханалар салынады
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы басталғалы Алматы қаласында арнайы жұмыстар басталып кетті.
Жобаның басты мақсаты – әу баста, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сонымен қатар көліктік байланысты қамтамасыз ету, яғни елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қалыпты өмір сүру дағдысын қалыптастыру болатын.
Жоғарыда атап өткен жобаға сәйкес, Алматы қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға келсек, біріншіден, халықтың денсаулық жағдайын ескеру барысында әр ауданда емханалар салу басты мәселе ретінде жиындарда қаралып келеді. Осыған орай, Наурызбай ауданында екі емхана мен дәрігерлік амбулаториялар салыну бас жоспарға кірді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі тұрғындармен кездесулерде де айтып жүр. Сондай-ақ Наурызбай ауданынан бөлек, Ақжар ықшам ауданында екі жүз орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, келесі жылы, нақты айтқанда, 2023 жылдың бірінші тоқсанында құрылысы басталатындығы жөнінде айтылды.
Медициналық мекемелердің тапшылығы басты мәселе болғандықтан, емхана құрылыстары әлі де өзге аудандарда жалғасын табады. Бұл мәселе жөнінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев:
- Жоғары орналасқан аудандарда емдеу мекемелері мүлдем аз. Сол себептен де, инфрақұрылымның даму қарқыны мен аудан халқының жыл сайынғы 10-12 мыңға өсуіне сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі бес жүз келушіге арналған екі жаңа емхана мен екі жүз келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр, – деп қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен жолыққан кездесуінде айтқан болатын.
Енді кездесуден соңғы нәтижеге орай Құрамыс ықшам ауданындағы емхананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, оның құрылысы келесі жылдың екінші тоқсанында басталмақшы.
Дәл осындай емханалар Шұғыла ықшам ауданында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге байқау жарияланатын болды. Егер байқау қорытындысы шықса, 2024 жылдың бірінші тоқсанында құрылысын бастау жоспарға алынатындығы жөнінде халыққа ақпараттандырылды.
Сондай-ақ Бостандық ауданында 500 адамға арналған екі емхана салу жоспарлануда. Оның бірі – Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысына салуға қатысты жоспар жасалынып қойды. Ал екінші емхана қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшелерінің қиылысында орналасатын көрінеді. Сондай-ақ ол «Емхана салуға мемлекеттік қордан ауданы 1,3 гектар жер бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттамасын 2023 жылдың төртінші тоқсанында, яғни желтоқсан айында салу бас жоспарымызда бар» – деді Ерболат Досаев.
Қала әкімнің тапсырмасына сәйкес, жоғарыда аталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы аясында осы уақытқа дейін ескі үйлерді, яғни төтенше жағдайда тұрған, құрылысы аяқталмай қалған үйлер сүрілген болатын. Ендігі басты мәселе денсаулығын қадағалайтын арнайы емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларды көптеп салу – Алматы қаласының әкімдігінің басты жоспарлардың бірі болып отыр.