20:10, 21 Шілде 2021
Жоғалып кеткен ауыр атлет табылды

Жапонияда жоғалып кеткен угандалық 20 жастағы ауыр атлет табылды.
Kyodo агенттігінің хабарлауынша, Джулиуса Секитолеко Олимпиадада сынға түсу үшін Токио келген бетте қашып кеткен.
Алайда бірнеше күннен кейін 20 жастағы угандалық ауыр атлет Мие префектурасынан табылған.
Бұған дейін хабарланғандай, Жапонияда өз командасының орналасуынан жоғалып кеткен Секитолеко Угандаға оралғысы келмейтіндігі туралы жазба қалдырған. Өйткені ол онда өмір сүру қиын және делегация мүшелерінен заттарын отанында қалған әйеліне тапсыруын өтінген.
Қалай дегенмен де, атлет өз еліне қайтарылады.