Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:55, 08 Тамыз 2024

Жоғарғы сот Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандар ісін қайта қарайды

в
Фото: ztb.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсірді. Оны қарау 2024 жылдың 8 тамызына жоспарланған.

Жоғарғы сот сотталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың мүддесін қорғайтын адвокаттан кассациялық шағым түскенін мәлімдеген. Сотта басқа мәліметтер айтылмады. Ал, қорғаушы тарап сотталғандардың толық кінәсіздігін алға тартып отыр.

2018 жылы 19 шілдеде Алматыда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Денис Тен өлтірілді. Көлігінің айнасын ұрламақ болған қылмыскерлер спортшыны пышақпен ауыр жарақаттаған. Көп қан жоғалтқандықтан, дәрігерлер Денис Тенді аман алып қала алмады. Қылмыс Қазақстанда үлкен резонанс тудырды. 

Көп ұзамай шабуыл жасаған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов ұсталды. 2019 жылдың басында сот оларды қатаң режимдегі мекемеде 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, тағы бір айыпталушы, тонаушылардың бірінің танысы Жанар Толыбаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін төрт жылға сотталды. Ол кейінірек мерзімі қысқартылған соң, түрмеден босатылған болатын.

2024 жылдың шілде айында кісі өлтірушілердің жазасы жеңілдетілгені белгілі болды. Олар орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылып, тергеу изоляторында болған уақыты да есепке алынды.

Тегтер: