Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:40, 11 Тамыз 2021

Жоғарғы сот бірқатар нормативтік қаулыларды жаңартуды жоспарлап отыр

None
None

Өткен айда Жоғарғы сотта адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарының орындалуы бойынша ведомствоаралық онлайн отырысы өткен болатын.

Іс-шараға әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, бас прокуратураның, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Адам құқықтары ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

       Аталған жоспар биылғы маусым айында қабылданған еді. Осы жылдың соңына дейін жүргізілетін жедел шаралардың ішінде Жоғарғы соттың үш нормативтік қаулысын жаңарту міндеті тұр. Сонымен, мүдделі мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша келесі нормативтік қаулыларды түзету жоспарлануда:

  • «Адам саудасы үшін жауапкершілікті белгілейтін заңнаманы іске асыру тәжірибесі туралы»;
  • «Жеке бостандық пен адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмауды сақтау, азаптауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жазаға қарсы тұру туралы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдану туралы»;
  • «Қылмыстық жазаны тағайындаудың кейбір мәселелері туралы».

        Кездесуге қатысушылармен бірге олар нормативтік шешімдерде қандай түсініктер кеңейтілген түсіндіруді қажет ететінін талқылады. Өз кезегінде сыртқы істер министрлігіне құқық қолдану практикасының халықаралық тәжірибесі туралы ақпарат беру туралы ұсыныс түсті.

Тегтер: