Жоғарғы Сот саяси қуғын-сүргінге қатысты материалдарды құпиясыздандыру жұмысын толығымен аяқтады
Мемлекеттік кеңесші, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Ерлан Қарин сот әкімшілігінің қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының бас консультанты Ботагөз Мейрамоваға комиссия құрамындағы белсенді жұмысы үшін алғыс білдірді.
Мұрағат құжаттарын құпиясыздандыру бойынша тұрақты комиссиялардың (МҚК) жұмысына 240-тан астам ғалымдар мен сарапшылар тартылған болатын. Мемлекеттік органдардың, оның ішінде Жоғарғы Сотта, прокуратурада, ҰҚК-де, Әділет министрлігінде мемлекеттік және арнайы мұрағаттарында қорларды жүйелеу және түгендеу жүргізілді.
Мәселен, республика соттарында саяси қуғын-сүргінге байланысты құпия мұрағат материалдары, облыстық соттар төралқаларының қаулылары, 1934-1989 жылдар аралығындағы қадағалау өндірісі мен ұйғарымдары тексерілгеннен кейін табылды.
40 мыңнан астам мұрағаттық іс құпиядан шығарылды. Жоғарғы Сот құпиясыздандыру жұмысын толық көлемде аяқтады.
Аталмыш комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырды:
-Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
-саяси қуғын-сүргін және заңсыз қуғын-сүргін құрбандарына тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
-саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық құқықтық және саяси ақтау үшін заңдардың және өзге де заңға тәуелді актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Үкіметке енгізу;
-жазықсыз сотталған және саяси қуғын-сүргінге, өмірі мен бостандығынан айыруға, психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуге, елден шығаруға және құқықтар мен бостандықтарға өзге де шектеулерге ұшыраған адамдарды оңалту процестерін ғылыми зерттеу және жүзеге асыру әдістемесін айқындау.
-Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының іс жүзінде ақталмайтын санаттарының толық тізбесін айқындау, оның ішінде:
- қолданыстағы заңнамамен қамтылмаған жәбірленушілердің санаттары; заңнамада аталған, бірақ іс жүзінде ақталған жәбірленушілердің санаттары;
-қуғын-сүргін құрбандарының тек құқықтық қана емес, сонымен бірге саяси оңалтуға жататын санаттарының толық тізбесін анықтау, оның ішінде:
- Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы үшін күрескендер; идеологиялық, ғылыми, шығармашылық, рухани және мәдени құндылықтары мен сенімдері үшін қуғын-сүргінге ұшыраған;
- Қазақстан Президенті мұрағаттарында және басқа да ведомстволарда орналасқан жабық қорлардың саяси қуғын-сүргін туралы материалдарының комиссия мүшелеріне, зерттеушілер мен ұрпақтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
- Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақталған құқықтарын қалпына келтіруге әдістемелік және құқықтық көмек көрсету;
- саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткендерді мәңгі есте қалдыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қабылдануын қамтамасыз ету;
- ақталғандардың құқықтарын қалпына келтіру туралы арыздар мен шағымдарды қарау.
Сондай-ақ жобаға сәйкес мемлекеттік комиссия:
-заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ құқықтық және саяси оңалту, саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ азаттық пен ерлiк жолындағы күрескерлердiң ерліктері мен қаһармандығын мәңгі есте қалдыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді.
-Қазақстанның тәуелсіздігі;қуғын-сүргін құрбандарының әртүрлі санаттарын оңалту әдістемесін әзірлеу жөніндегі кіші комиссияларды және олардың қызметі бойынша ұсыныстар енгізу үшін жұмыс топтарын, сондай-ақ жинақталған материалдар кешенін құрады.
-Жұмыс топтары өздеріне жүктелген міндеттер бойынша талдамалық қорытындылар дайындайды және мемлекеттік комиссияның отырыстарына ұсынды;
-Мемлекеттік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарады;
-комиссия қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын және өзге де лауазымды тұлғаларды тыңдады;
-мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан мемлекеттiк комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды сұратады және алды;
-жабық қорларды ашу және саяси қуғын-сүргінге байланысты және комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды құпиясыздандыру туралы шешімдер қабылдады;
-мемлекеттік комиссияның міндеттерінен туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырды.