Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Алматы облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

Lexus және Alphard көліктері соғысқан жол апатынан сегіз адам қаза тапты.

Алматы облысында бірнеше адам қаза тапқан жол апаты тіркелді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

 29 қыркүйек күні сағат 23:50 шамасында ҚАЗ 06 республикалық маңызы бар тас жолдың 107-ші шақырымында Беріктас ауылының маңында болған. Lexus жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соғысқан.

Алған жарақаттарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетейік, елімізде жол апатынан қыркүйек айында бірнеше адам көз жұмды. 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, салдарынан 10 адам қаза болды. 14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көлік соғысып, қарсы бағытқа шыққан бір автокөліктің әрекетінен тағы 10 адам мерт болды. Ал Қарағанды облысында болған апатта 5 адам қаза тапты.

Тегтер: