Жолаушының қазасына байланысты ресейлік ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған сәтінде шұғыл жағдай туралы белгі беріп, Ақтөбе әуежайына мәжбүрлі түрде қонды.
Әуежай қызметкерлерінің мәліметінше, қонуға жолаушының денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Медициналық көмек көрсетілгенімен, ер адам ұшақ бортында көз жұмды. Өлімнің нақты себебі дәрігерлік қорытындыдан кейін белгілі болады.
Flightradar24 деректеріне сәйкес, ұшақ Мұқыр ауылының үстінен ұшып бара жатқанда бағытын өзгертіп, Ақтөбеге қарай бет алған.
Қазіргі таңда жолаушылар ұшақ салонынан шығарылған жоқ. Ұшақ мәйітті тасымалдау мәселесі шешілгенге дейін әуежайда қалады. Ұшудың нақты уақыты экипаж шешімімен анықталады.
«Ұшақ қонған сәтте шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы дайын тұрды. Бірақ, өкінішке қарай, 1983 жылы туған әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Марқұмның туыстарына көңіл айтамыз. Сонымен қатар, жағдайды шұғыл хабарлап, жердегі қызметпен байланыс орнатқан экипаж мүшелеріне алғыс білдіреміз», – делінген ресми хабарламада.