Жолбарыстар Қазақстанға оралады: қоршаған ортаны қорғауға жаңа қадам
Табиғи ресурстарға және флора мен фаунаға бай Қазақстан маңызды экологиялық оқиғаға дайындалып жатыр.
Елімізге 70 жылдан соң жолбарыстар оралады. Бұл ауқымды бастама осы жануарлардың популяциясын қалпына келтіруді ғана емес, сонымен қатар елдегі қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетеді.
Кезінде Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін мекендеген жолбарыстар ХХ ғасырдың ортасында аймақтан жойылып кетті. Олардың жойылып кетуіне аң аулау, табиғи ортаның жоғалуы және экожүйелердің нашарлауы себеп болды. Жолбарыстардың Қазақстанға оралуы табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі кең ауқымды бастаманың бір бөлігі ғана.
Аталмыш ірі жобаға елімізден бөлек Ресей мен Швейцария мұрындық болған. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) аталмыш жоба аясында жойылып кеткен Тұран жолбарысын қалпына келтіру үшін еліміздегі Есіл өзені мен Балқаш көлінің оң жағалауын таңдаған.
Осы ірі жоба аясында амур ек жолбарысы Нидерландыдан «Іле-Балқашқай» әкелінген. Аталмыш жоба қоршаған ортаны сақтауға, табиғатты қайта қалпына келтіруге деген маңызды қадамдардың бірі болды. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 15 жэылы бұрын елімізде жолбарыстарды қалпына келтіру үшін «Іле-Балқаш» резервы дайындалғанын атап өтті. Ол елімізге алғашқы жолбарыстар әкелінгенін де атап өтті.
«Қазақстанға алғашқы жолбарыстар жеткізілді және осы атаулы оқиға бағдарлама міндеттерінің сәтті орындалғанын растайды», – деді министр.
Бүгінде тұқымы мүлдем жойылып кеткен Тұран жолбарысы бір кездері қазақ даласында еркін өсіп-өнген. Оның негізгі мекен-тұрағы – Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Балқаш көлі, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінің жағасындағы нар қамыс, ну қопа болған. Зерттеулерге сүйенсек, Тұран жолбарысы бертінгі жылдарға дейін Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген. Ғалымдар жолбарыстардың негізгі атақонысы ретінде Сырдарияның ну қамысты сағасын, Арал теңізінің төңірегін атайды. Бұған дәлел – Жанкенттен табылған барыс бейнелі сүйектер. Бажайлап қарасаңыз, бұл сүйектерде шынымен де барыстың бейнесі, басының тұрқы, сұлбасы салынған. Ежелде адамдар айналасындағы тіршілікті, жан жануардың бейнесін тасқа қашап, сүйекке ойып қалдырған. Демек, Жанкенттен табылған бұл барыс бейнелі сүйектер қазақ даласын жолбарыстардың тым ертеден мекендегенін айғақтайды.
Ресми дерек бойынша Қызылорда төңірегіндегі жолбарыстар 1945 жылға дейін жойылған. Құрықтан құтылғандары – Торғай, Сарысуға қарай ауған. Талас пен Шу өзені бойындағы жолбарыстар 1937 жылы құрыған. Ал Балқаш-Алакөл маңындағы жолбарыстар 1935 жылға дейін өмір сүрген. Балқаш бойындағы соңғы жолбарыс 1948 жылы атылған. Енді міне, 70 жылдан аса уақыттан соң жолбарыстар елімізге қайта оралып жатыр.
Жолбарыстар экожүйені сақтауда маңызды рөл атқарады. Жолбарыстарды Қазақстанға қайтару – бұл ұлы жануарлардың популяциясын қалпына келтіруге жасалған қадам ғана емес, сонымен қатар еліміздің қоршаған ортаны қорғау стратегиясының маңызды элементі. Бұл жоба болашақ ұрпақ үшін табиғатты қорғаудың маңыздылығын көрсетеді және әрқайсымыз биоәртүрлілікті сақтауға қалай үлес қоса алатынымызды көрсетеді. Қазақстан тұрақты болашаққа қарай ілгерілеуді жалғастыруда, ал жолбарыстардың оралуы осы маңызды жолдағы жаңа кезеңнің басы ғана.