Бүгін, 15:14
ЖСДП филиалының басшысы Нұрлыбековтың ЛГБТ-балаларды атуға дайын екені туралы ақпарат тарады
Education Community ұйымының белсенділері мен құқық қорғаушылары Алматы облыстық ЖСДП филиалының жетекшісі Нұрым Нұрлыбеков ЛГБТ өкілдеріне қатысты агрессивті әрі өшпенділік тудыратын пікір айтқанын жариялады.
13 қарашада Полина Шиманскаяның ЛГБТ тақырыбындағы жазбасына пікір қалдырған Нұрлыбеков:
«Менің қолымда билік болса, осы дәстүрден тыс ориентациядағы құбыжықтардың бәрін атып тастар едім», - деп жазған.
Белсенділер Нұрлыбековті қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп жатыр.
Олардың айтуынша, саясаткердің бұл сөздері:
ҚР ҚК 115-бабы – «Өліммен қорқыту»,
ҚР ҚК 174-бабы – «Әлеуметтік араздық қоздыру» бойынша жауапкершілікке әкелуі тиіс.
Айта кетейік, Нұрлыбеков өз пікірін кейін өшіріп тастаған. Себебі оған мұндай мәлімдемелер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілген.