Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:00, 04 Сәуір 2022

Жүк пойызы рельстен шығып бірнеше вагон өзенге құлады

None
None

Шығыс Қазақстан облысында руда тиелген жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.

Алдымен әлеуметтік желіде өзен арқылы өтетін көпір маңында аударылған вагондардың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, 10-нан астам вагон аударылған, тағы алтауы Ертіс өзеніне құлаған.

Кейінірек ҚТЖ оқиға 3 сәуір сағат 12:04-те Шығыс Қазақстан облысы Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде болғанын нақтылады.

Жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен.

Тегтер: