Жұмаділов Жаркент жұртынан кешірім сұрауы тиіс

Біздер, Панфилов ауданының тұрғындары, жоңғаршапқыншылығына қарсы соғыста аттары тарихта қалған Елтінді, Бағай, Ұзын мұртҰзақ, Аралбай, Сатай, Бөлек тағы басқа батырлардың ұрпақтары, жазушы ҚабдешЖұмаділов жазған «Орбұлақ шайқасы тарихта болған емес» атты мақалаға түбегейліқарсылық білдіреміз!
Себебі көп. Біріншіден: Қабдеш қария әруаққа шет келіп,Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп тұқияннан өзіме шейін» атты тарихикітабын жоққа шығарады. «Орбұлақ шайқасының» түп тамыры – «Түп тұқияннан өзімешейін» деген жалған кітапта жатыр» дейді ол кісі. Біз алдымен жалалы болған осыкітаптың «қара күйесін» тазалап алайық.
Жаркент өңірінде жоғарыда аттары аталған батырлардыңұрпақтары өмір сүріп жатырмыз. Суанның он тоғыз рудан тұратын тайпалар одағыекенін білесіздер. Сол батыр бабамыз Суанның ұрпағымыз. Соның ішінде Елшібекруы, өзімізге тікелей қатысы бар екі бабамызға келетін болсақ оның біріЕлтінді, екіншісі Бағай батыр. Қазыбек бек Тауасарұлының Қабдеш мойындамайотырған аталмыш кітабы халыққа жария болмай тұрып біз сол бабаларымыз жәйліаңыз – әңгімелерді жиі естуші едік. Мәселен: «Әкелі-балалы екеуі батыр болған,қалмақтарға қарсы жан аямай күрескен. Бағай батыр үйленбей, ерте шейіт болыпты.Ал, Елтінді бабамыздан Молақ атты бір ғана ұл қалыпты. Қазіргі он тоғыз рудыңбірі – Молақ руы сол адамның атымен аталған екен т.б.».
Міне, бұл дегеніңіз біздің көнекөз қариялардың есіндеқалып, ұрпақтан – ұрпаққа ауызша тарих болып айтылып жүргендердің бір парасығана… Ал енді, егер Қазыбек бектің кітабы болмаса, өз ұрпағы білмейтінкітаптағы олардың ерлігі жәйлі мәселелерді Балғабек Қыдырбекұлы мен БексұлтанНұржекеұлы қайдан білген?! Басқаларын айтпағанда, Елшібек руында осындайадамдар болғанын қайдан оқыпты. Кімнен естіпті? Ұлы жырау Бұхардың Бағай туралы«Бағайым аз Суаннан, Бағай атқа мінгенде барлық елі қуанған» дегені, «Қасқарыұлы Молдабай, қара күші мол Бағай, бірің батыр, бірің бек, тұрсың-ау ығай менсығай» деген жыр жолдары ше? Сонда Қабдеш ақсақалдың Бұқар жырауды да жоққа шығарып отырғаны ғой?
Бағай бабамыздың қара күштің иесі екенін ауылдың бұрынғыақсақалдары айтып отырғанын сан естіген едім. (Ол туралы кейінгі жылдарыжазылған мақалалар да баршылық). Он екі-он үш жасар баланың қалмақтың батырынтұтқындап айдап келгенін естігенде бәріміз де таң – тамаша болып ертегі тәріздісезінетінбіз. Ал, сол Бағай, туған әкесінің ағасы Елтінді батырға ілесіп жүріпшыңдалады. Жаугершілік жорықтарда досы Қасқарыұлы Молдабайдан ат үстіндегіайқастардың қыр-сырын меңгереді. Бойындағы алапат күштің көмегімен Наурызбайбатырдың жекпе-жекке шығатын батырларының құрамына кіреді. Текелі ойпатындағыайқаста жаудың атышулы батыры Мұқырымен шығып, ақыры басын шабады. Аталмышкітапты түгел оқыған адам сол кездегі ерлердің жанқиярлығына таңқалары анық.Айтпаса да түсінікті, сол батырларымыздың өшпес ерліктері болмаса қолтығынаорыстар су бүркіп айдап салып отырған қапатаған қалмақтан жерімізді қалайтазартар едік?...
«Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» демекші,ойда-жоқта жазушы қауым аузынан тастамай құрметтейтін Қабдеш қарияның мұнысы немасқара? Неліктен бүкіл бір тайпа елдің тарихын күйелеп, аруақтарымыздыкүйзелтіп отырғанын түсінбедік. Іргелес жатқан Орбұлақ пен Үшсудың құйғаныаталатын жерлерде сол қанды шайқастаатамекеннің азаттығы жолында қаза тапқанерлеріміздің сүйегі ақсөңке болып әлі де жатыр. «Қазақ әдебиетіндегі» мақаласыноқып отырып, бұл ағамыз Б.Қыдырбекұлымен Б.Нұржекеұлына деген ренішін «Қазақ деген айбынды ұлттың шаңырағына уық болып қаланған бір қауым рулы елден алмақшыма?...» — деп, әрі-сәрі болдық. Сүйектері әлдеқашан қурап қалған әруақтарғатопырақ шашқаны қалай? Жарайды, ағайын арасында реніш болмай тұрмайды, бірақ,ондай өкпе-реніштен – Ел, Жер ,Ұлттарихы қиянат көрмеуі керек екендігі «… бесенеден белгілі емес пе, ағалар..?».Еліміз егемендік алып еңсемізді көтеріп, өткенімізді түгендеп, өлгеніміздітірілтіп жатқанымызда халықтың ауызбірілігін ойлайды-ау деген қарттарымызшалғайына шалынып, өнбес дауды тілге өзек етіп отырғаны жан ауыртады. Рас,Орбұлақ шайқасы туралы бастапқыда аздаған қателіктер де болғанын Бексұлтан ағамыз ауданда өткен үлкенжиында ескертіп өтті. Оны сол жиынға қатысқан Талас Омарбекұлы, БерекетКәрібаев т.б. майталман тарихшылар өз құлақтарымен естіген еді. 1993 жылдыңжазында «Орбұлақ шайқасының» 350 жылдық тойын әйгілі Белжайлауда атап өткенімізбелгілі. Сол жиында баяндама жасаған жазушы, алаштың арда ұлының бірі — ӘбішКекілбаев тойды ұйымдастырушыларға «Мен бұл баяндамамды жазу үшін көптолғандым, көп ғалым, жазушы, тарихшылармен екі жыл көлемінде ақылдастым.Демек, бұл менің ғана пікірім емес жігіттер...» дегенін өз құлағымен естігенсол тойды ұйымдастырушылардың бірі — Болатбай Көбенбаев, аудандық «Қазақ тілі»қоғамының төрағасы Исламғали Үркімбайұлы, ақын, этнограф Ә. Төреханұлы, аудандық газеттің басредакторы Нұрәділ Бегімбетов, «Ел газеті» басылымының редакторы Роза Ыстай,т.б. көптеген азаматтарымыз әлі де арамызда.
Қабеңнің «Орбұлақ шайқасы» атты телехикаяны көріп, ел тарихын күстаналап отырғанынбайқадық. Ол киноға біз де іштей соншама риза емеспіз. Қырғыз елін шауып, мыңдаған адамдарды тұтқынға алып, тоқалын босатып келе жатқан Батұр қонтайшы қатты қырғынғаұшырайды. Елу мыңға жуық жауынгерлерінің он мыңдайынан өлі айырылып, қазақтардан азар қашыпқұтылады. Осы барысында оның қоластындағы тайпаларға беделі кетеді. Қазақтарды қайта шабам деп қол жинағандакөбі бас тартады. Шайқас Қазыбек бек Тауасарұлы жазғандай, Жаркент шаһарынан күншілік жердегі Жарбұлақшатқалында өтеді. Ол кезде Орбұлақ деген сөз атымен жоқ. Ал, онда қалайшаОрбұлақ аталды деген сұрақ туады. Себебі: жергілікті ел ор қазып жауменшайқасқан бабалар ерлігін ұмытпаған. Сол себепті ол жер Орбұлақ деп аталған.Құланға емес, қалмаққа қарсы ор қазылғанын бұрынғы көнекөз қарияларданеміс-еміс естіп өскен жандармыз. Осы өңірдегі қазақтардың тағдырын осы ор қазыпшайқасқан жанкешті 600 батырдың ерлігі шешкендіктен ел жерді «Орбұлақ» — депатап кеткені айтпаса да белгілі емес пе? Бұл тарихи соғысқа тек қана батырларғана емес бүкіл өңір жұртшылығы қатысып, еңкейген кәрі мен ат жалын тартыпмінген ұл – қызы түгелдей қарсытұрып туған жерді жанкештілікпенқорғады. Ерліктің, елдіктің ерен үлгісін көрсетіп, мәңгі өшпес өр рухтыұрпағына аманат етті. Ендігі ойымыздыжинақтай келе мына бір тарихи деректерге де аз-кем тоқтала кетейік: «… Бұл мәселегекезінде беделді тарихшымыз Мұхаметжан Тынышпаев та көңіл аударған екен.«Киргиз-кайсаки в17 и 18 веках» деген еңбегінде: «Хонтайши, решив жестокоотомстить казакам, вторгся в 1643 году с 50000 войска в пределы казахскойтерритории («киргизской» демейді-Б.Н.) и успел покорить часть их владений.Джангыр сумел собрать только 600 человек.… он устроил засаду в ущелье, окопалглубокий ров и обнес высоким валом »,-дейді (А.П. Чулошниковтың «Очерки по истроии казак-киргизского народа в связьис общими историческими судьбами других тюркских племен» деген кітабының ішінде.Орынбор, 1924 ). Халел Досмұхамедов те «Родословная Жалантус-Батыра» деген мақаласында: «… казахский ханЖангир (т. наз. Великолепный), сын хана Есима Храброго, в 1643 году с 600 воинами победилпятидесятитысячного войско Калмыкского хана Контайши-Батура», -дейді (В.З.Галиевтің кітабы ішінде, 120 бет). («Қасиетті Орбұлақ» кітабы, 71 бет). Бұғанбіздің алып қосарымыз жоқ. Осыншама жылдар бойы жазылған тарихи деректер менмәліметтерді «Орбұлақ шайқасы тарихтаболмаған» — деп, танымалғалымдарымыздың маңдай терімен жазылғанеңбектерін бірақ сәтте жоққа шығарған Қабдеш ағаға не шара?!...
Сенбейтіндер, сенбейді өлдім десең» дегендей, соләруақтардан қолхат алып қалмаған енжарлығымызға ғана қынжыламыз. Ал, әйтпесе...
«Тұйықсыз келген жауға алты жүз қолмен ғана қарсы тұрған Жәңгір сұлтанжергілікті аңшы-батыр Елтіндімен жер жағдайын ақылдаса келіп, мергендерді орішінде отырғызып, түрлі әдістермен жауды көп шығынға ұшыратады».
Әйгілі «Орбұлақ шайқасын» жоққа шығарып, жергіліктіелдің өткеніне күйе жағуды біз, ұлт тарихына жасаған қастандық дептүсінеміз. Жазушы Қабдеш Жұмаділов осыөрескел қылықтары үшін Жаркент өңірі жұртынан және сол шайқаста қаза болған ерлердің аруағының алдында кешірім сұрауғатиіс!
Ислам-Ғали ЖАРКЕНТИ
Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі, Панфилов ауданының
Құрметті азаматы, Панфилов аудандық
«Қазақ тілі»қоғамдық бірлестігінің
төрағасы, «Жаркент жауһарлары» халық
шығармашылығы орталығының тәлімгері.