Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:53, 23 Қазан 2024

Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуі қайтарылмайтынын айтты

ч
Фото: ҚР Үкіметі
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесіне пікір білдірді. 

"Үкімет қандай да бір шешім қабылдаған кезде, шешім қабылдау регламенті болады. Үнемі мемлекеттік референдумдар өткізуге міндетті емес. Алқалы орган сол үшін құрылған. Бұл жағдайда шешім қабылдар алдында қажет зерттеулер жүргізілді, шешім белгіленген тәртіпте қабылданды. Осыдан кейін регламент аясында петиция түсті. Петиция белгіленген тәртіпте қаралып, тиісті топтар барлық оң және теріс жағын қарады. Соңғы шешім қабылданды. Бұл жерде ешқандай регламент бұзылған жоқ", - деді Серік Жұманғарин. 

Сонымен қатар, ол уақыт белдеуі бойынша соңғы шешім қабылданғанын айтты.

Шешім болды, петиция болды, петиция қаралды, шешім расталды, менің ойымша, осымен тоқталу керек", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстанда 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілген болатын.