Бүгін, 12:15
Жұманғарин: Үш жылдан кейін Павлодар қаржылай өзін-өзі қамтамасыз етеді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Болжам бойынша 2028 жылға қарай Павлодар облысы қаржылай өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, субвенция алатын аймақтар қатарынан шығады», - деді министр.
Оның сөзінше, жергілікті бюджет кірісі 2026 жылғы 10,7 трлн теңгеден 2028 жылы 13,3 трлн теңгеге дейін артады. Ал шығыс көлемі осы кезеңде 14,9 трлн теңгеден 18,7 трлн теңгеге өседі.
Сондай-ақ Жұманғариннің айтуынша, 2026 жылы өңірлерге бөлінетін субвенциялар шамамен 5,1 трлн теңгені құрайды. Ал донор аймақтардан республикалық бюджетке түсетін трансферт көлемі 879,9 млрд теңге болады.