Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:41, 30 Қазан 2023

«Жұмысымыз – қауіпті, құрылғы – тозған, жалақы – мардымсыз»: Мұхтар Ниязов қарағандылық кеншінің жан-айқайын жеткізді

вс
Фото: из открытых источников

Белгілі айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Қарағандыдағы апатты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, кеншілердің жан-айқайын жеткізді. 

Айтыскер Жезқазған қаласына барған сапарынан кенші жігітпен болған оқиғасы туралы әлеуметтік желіде бөлісті. 

“Өткенде Жезқазған қаласында айтысқа барғанда маған бір жігіт келді. Шахтада құтқарушы екен. Аты-жөні мен нақты қызметін жазбай-ақ қояйын. Біраз уақыт сөйлестік. “Аға, жұмысымыз барынша қауіпті, құрылғыларымыз тозған, айлығымыз өте мардымсыз. Мықты жігіттердің көбі басқа салаға алмасып кетіп жатыр. Алла сақтасын, мына шахталардың бірінде төтенше жағдай бола қалса, жанын салып құтқаратын құтқарушылардың техникалық та, әлеуметтік те хәлі мүшкіл. Сіздер жеткізіп айта аласыздар ғой, осы мәселені көтеріңізші. Жаздағы Семей өртінде де құтқарушылардың жағдайы белгілі болды. Бізде де сондай жағдай болып жатса, қайтпекпіз?!. Оқыс оқиғаны күтіп отырмай қолға алып, жоғары жақтағылар назарға алса екен”деді. Бір адамның сөзі толық жағдайдан хабар бермейтін шығар, бірақ бүгінгі Қарағандыда сұқбат беріп тұрған құтқарушының дәрменсіз күрсініске толы кейіпте сөйлеп тұрғанын көріп, сол жігіт есімнен шықпай қойды. Құдай ақырын берсін”, – дейді айтыскер ақын.