Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:56, 15 Ақпан 2024

Жұмыспен қамту саясатының мақсаты – халықты жұмысының реттелуін қамтамасыз ету

еңбек
Фото: из открытых источников

Жұмыспен қамту саясатының түпкі мақсаты мен көздеген мүддесі – халықты толық, азаматтардың өз еркімен таңдалған, нәтижелі жұмыспен қамту арқылы елдегі жұмыссыздық деңгейін азайтып, оны әлеуметтік стандарттарда ұстап тұру, еңбек нарығы мен оның жұмысын, реттелуін, құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

 Әрі экономикалық тиімділікті де ұмыт қалдырмау қажет. Осы процесс барысында мемлекет пен оның саясаты ел азаматтарын жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайы мен басқа осы сынды факторларға қарамастан тең мүмкіндікпен қамтамасыз етуді басшылыққа алады.

Қазіргі зерттеулер мен болжамдар алдағы 10 жылда Қазақстанда 2000-шы жылдардағы туу көрсеткішінің өсуіне байланысты еңбекке жарамды жастағы азаматтардың саны бірден артатынын көрсетеді. Сондықтан да, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еібек нарығын тұрақтандыруды көздейтін бағдарламалар кешенін қабылдап, экономикалық қолайсы ахуал қалыптаспауы үшін жұмыс істеуде. Олардың негізгі мақсаты халықтың жұмыссыздық деңгейін табиғи шекарада, яғни, 5-7 пайыз аралығында ұстап тұру болып табылады. Бұл орайда ең алдымен жаңа жұмыс орындарын құру, және осы бағытта үлес қосамын дейтін кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау аса маңызды. Ол үшін жұмыс берушілерге қаржылық жүктемені жеңілдету, оларға өндірістің жаңа салаларын дамытуға мүмкіндік беруге баса назар аударылып келеді. Мұндай шаралар үкімет тарапынан сонау 2000 жылдан бастап атқарылып келеді. Кешенді шаралар нәтижесін берді. Мәселен, жұмыссыздық 1999 жылғы 34,5 пайыздан 2008 жылға қарай 12 пайызға дейін қысқарды. Ал 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» кешенді бағдарламасы жүзеге қабылданды. Өйткені, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін жұмыссыз жүргендердің саны 559 мыңға жетті. Осындай экономикалық ауыр кезеңде жұмыспен қамту жол картасы расымен қажет еді.

Бұл бағдарламаның негізгі қағидасы азаматтардың оқытылуына және жұмысқа орналастырылуына дейінгі көмек көрсету, Осы мақсатта халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Аталған орталықтар жұмыс іздеген азаматтарға белгілі бір позицияларға байланысты кеңес беріп, таңдауға жәрдемдесу. Бұл орайда жұмыс іздеушілерге кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары ұсынылды. Бұдан бөлек, 6 айдан 12 айға дейінгі жалақыны ішінара субсидиялап, әлеуметтік жұмыс орындарын құру да қолға алынды. Жұмыспен қамту жол картасының тағы бір бағыты еңбек ұтқырлығын арттыру бағдарламасы болды. Ол еңбек күшінің елдің оңтүстігінен солтүстігіне көшуін және көшу шығындарының өтелуін қамтамасыз етті. Одан бөлек, кәсіпкерлікті дамыту ісіне де баса мән берілді.

Ал одан кейініректе, 2016 жылы «Еңбек» бағдарламасы іске қосылып,2021 жылға дейін табысты жұмыс істеді. Бұл бір қарағанда Жұмыспен қамтудың жол картасының барлық мақсаттары мен міндеттерін өзіне алған бағдарлама еді. Оның ең бсты жаңалығы «Бастау бизнес» кәсіпкерлікті оқыту модулі болды. Айтылып отырған жобаның концепциясы бойынша, жұмыс іздеушілерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, несие беру, әсіресе, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беру деңгейін көтеру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну, еңбек ресурстарының тиімділігіне ұлес қосу назарға алынды. Сондай-ақ, Enbek.kz бірыңғай цифрлық платформасы құрылды. Ол болса, жұмыспен қамту орталықтарының міндеттерін алды. 2024 жылдың қаңтарындағы есептерге сүйенсек, Enbek.kz сайтында 227 мың жұмыс іздеуші және 92 мың бос жұмыс орны бар. Оның 68 мыңға жуығы мемлекет тарапынан субсидияланады. Соның ішінде табысы 100-200 мың теңгені құрайтын бухгалтерлер, сатушылар және медицина қызметкерлеріне сұраныс өте жоғары.

Тегтер: