Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:36, 19 Шілде 2022

Жұмысшылар қарсылығы: шенеуніктер бізден қолын тартсын!

None
None

СҚО-дағы Обухов кен байыту комбинатындағы дау-дамай әлі басылмай жатыр. ЖШС басшылығының үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды, тағы сол домалақ арыз.

Компаниядан айырылып қаламыз-ау деген қауіп бар. Компания басшысы Виктор Иванович Долгалев кен байыту комбинатының 2022 жылғы маусым айындағы жұмысын қорытындылады.Маусым мамырдан тәуір болыпты. «Тиолайн» компаниясы 2700 тонна концентрат өндірген. Сыйақы 163 пайызға өсті. Ақпан айынан бері премиялар көрсеткіші едәуір көбейген, пайыздық ара салмақта руда өндірісі өскен. ЖШС директоры мұны жетістік деп санайды.Вахтада жұмыс істегендердің жалақысына орташа үстемеақы 96 мың теңгені құрады. Бұл жұмысшы атаулының бәріне бірдей үстемеақы төленеді дегенді білдірмейді. Қосымша ақылар жалақыға сәйкес беріледі. Вахтадағы орташа жалақы 420 мың теңгені құрайды.Виктор Долгалев бір қызық жағдай туралы айтты. Өткен қорытынды жиында ол тегі Дукарт болатын бас прокурордың көмекшісін «хер» деп атаған. Неміс тілінен аударғанда, «хер» деген «мырза» деген мағына береді. Орысшаға салсаң, мұның бейәдеп сөз екені белгілі. Біреуге тіл тигізетін еш ниеті болмаған. Бірақ осы оқиғаға қадалып алған Долгалевтің қарсыласы, БСК командасының Федоренко деген адамы қанды ішпей ме. Ондаған инстацияларға ойбайлатып арыз жазады, «Тиолайн» басшысы бас прокурордың көмекшісіне тіл тигізіп, боқтайды екен деп.«Арызды жан-жаққа зу еткізді, не істейсің енді. Сондай әдеті бар-дағы, домалақ арызды домалата беретін. Ақыр соңы әлгі Дукарттың қызметтен кетуіне тура келді. Тағы бір жыл жұмыс істегісі келіп еді, ол кісінің. Сөйтіп, Федоренко бәрібір жеңіліс тапты», дейді Виктор Иванович.Долгалевтің қарсыластары өңшең ерігіп жүрген, бос уақыты мен күш-қуаты көп адамдар. Шаршамайтын арыз жазғыштар. Кез келген желеуді себеп қылуға тырысатын таза аяқтан шалғыштар. «Хер» деген сөзі үшін Долгалевтің үстінен қылмыстық іс қозғатты. Екі жыл бұрын «мәңгүрт» дегені үшін іс қозғалғаны бар .«Аузымнан «мәңгүрт» деген сөз шыққан екен, мұны тіл тигізді деп, үстімнен іс қозғады. Шыңғыс Айтматовқа милары жетпеген ғой. Біздің облыстық прокуратурада қандай адамдар отырғанын түсінбедім. Әлгі Федоренконың достарының қатысы бар рейдерлік жөніндегі істердің қозғалмай жүргеніне алты жыл болды. Қаржы жымқыру фактілерін ешкім тексермейді. Пяткин деген кісі басқарған жылдары 25 миллион доллар жымқырылған. Қылмыстық істер қайда?» деген сауал қояды Долгалевтің өзі.Оның сөзінше, СҚО прокуратурасы өзіне бұдан да маңызды іс тауып алған сияқты. Оларға салсаң, «хер» мен мәңгүрт» сөздерін тексеріп, онда тіл тигізу бар-жоғын анықтау керек. Долгалев прокурорларды анда-санда болса да негізгі жұмысымен бір айналысып қоюға шақырады. Прокуратурада не көп қызметкерлері көп. Солардың бәрі жабылып, «Тиолайн» компаниясының дамуына кедергі жасап келеді. СҚО-ның кей азаматтары тергеу абақтыларында айлап-жылдап отырады. Ал енді біреулердің істерін көрмегендей болып, жылдар бойы қарамай жүре береді біздің прокуратура. Өйткені олар деген «мәңгүрт» пен «хер» деген сөздерге сараптама жасаумен айналысады емес пе?«Көліктерімізді тоқтатады. Кәсіпорын жұмысына кедергі жасайды. Өйткені бір сұмырайлар «мына көлік ұрланған тауар тасып барады» деген арызды домалатып жіберген. Жалған дерегі үшін әлгі сұмдар сотқа тартылмайды. Арыз жазушымен көзбе-көз беттестіру деген болған. Айтпақшы, «хер» мен «мәңгүрт» сөздеріне жүргізіліп жатқан сараптаманың ақшасын кім төлеп жатыр? Салық төлеушілер. Сонда бұлар мені кімнің есебінен жазалауға тырысып жүр? Мына прокуратураны үш есеге қысқарту керек. Сонда пайдасы көбірек болар. Құрығанда алатын паралары азаяр еді», деп күйініп отыр Долгалев.Орыста беспредел деген сөз бар. Виктор Ивановичтің сөзінше, мына жағдай одан да асып түседі. Жемқор шенеуніктер мен арыз жазғыштар компанияға күйе жағу үшін ендігі амал таппай жүр.

Еске салсақ, екі жыл бұрын Башқұрт сода компаниясы қазақстандық «Тиолайн» кәсіпорнын рейдерлік әдіспен тартып алмақ болған. Жұмысшыларды кен байыту комбинаты аумағынан күштеп қуып шықпақ болды. Бұл сорақы оқиға үшін ешкім жазаланған жоқ. 34 адамның алтауы ғана ұсталып, кейін оларды да босатып қоя берген. «Бұл не сұмдық? Олардың бізді ұру құқығы бар ма еді? Арматурамен ұрды, пышақпен жүгірді. Ақшаны ұрлап кетті. Оларға бәрі рұқсат екен-дағы, ал біздің аузымызды жабады. Біз өзі ел елімізде тұрамыз ба? Мен анау Ақсақалов пен Тайымбетовтен сұрағым келеді, бұл не масқара?», дейді Долгалев.Виктор Иванович жағдайдың әлі түзелетініне сенімді. Бір орында ештеңе тұрмайды. Бұл қара дақтар да жаңа Қазақстанның тарихы болып қалар. Көптеген бейнематериалдар бар. Қағаздар мен құжаттар көп. Кінәлілер түбі жазасын алады.Кәсіпорын басшысы Қазақстан президенті Тоқаев пен Татарстан басшысы Хабировтың кездесуін де тілге тиек етті. «Хабиров башқұрт компаниялары Қазақстанда еркін жұмыс істей алса, деген емеурін танытты. Сосын іле-шала оларға біздің Обухов кенішімізде жұмыс жүргізуіне рұқсат беруді сұрады. Біз солай боларын білген едік. Сол үшін кездесуден 10 күн бұрын Хабировқа наразылық хатымызды жөнелтіп жіберген едік. Бүгін республиканың даму жөніндегі министрінің орынбасарынан жауап алдық. Онда сендердің кеніштеріміз бізді қызықтырмайды делінген. Бұрын да қызығушылық болған емес дейді. БСК-дағы Плугинді танымаймыз дейді. Ендеше, Хабиров неге БСК-нің күйін күйттеп, біздің президентімізге өтініш жасайды екен? Ал ірі шенеунігі қызықпаймыз дейді. Мұның бәрі өтірік!», дейді Долгалев.Егер башқұртстандық шенеуніктер енді қандай да бір талаптар қоя бастаса, Обухов кен байыту комбинатының қызметкерлері оларға министр орынбасарының ресми жауабын көрсетуге дайын. Долгалев өз жеңісіне сенімді. Ол комбинат үшін соңына дейін күреспек.

Тегтер: