Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:42, 05 Маусым 2023

Жұмыссыз ерлер Қызылордада, жұмыссыз әйелдер Маңғыстауда көп

None
None

Биыл бірінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда өзгерген жоқ, бірақ былтырғы бірінші тоқсанымен (4,9%) салыстырғанда сәл төмендеді.

Жұмыссыздар саны бір жылда 0,1% өсіп, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 453,5 мың адам болды.

Айта кету керек, ауылда жұмыссыздық деңгейі қаладан жоғары: тиісінше 4,7% және 4,9%. Бұл ретте жағдай бір жыл бұрын керісінше болған: қаладағы жұмыссыздық деңгейі ауылдағыдан жоғары болған: тиісінше 5% және 4,8%.

Қалада жұмыссыздар саны бір жылда 0,9% өсіп, 278,7 мың адам болса, ауылда керісінше 1,2% азайып, 174,8 мың адам болды.

ҚР өңірлерінің жартысында жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейден жоғары. Ең жоғары көрсеткіштер Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында: әрқайсысы 5%. 20 өңірдің 6-да көрсеткіш, керісінше, ҚР бойынша орташа деңгейден төмен. Ең төменгі көрсеткіштер Қарағанды ​​және Ұлытау облыстарында: әрқайсысы 4,2%.

Қаладағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі 2023 жылдың бірінші тоқсанында Жетісу облысында (5,3%), сондай-ақ Абай және Жамбыл облыстарының қалаларында (әрқайсысында 5,1%) байқалды. Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау (4%), Ақмола (4,3%) және Қарағанды ​​(4,3%) облыстарының қалаларында байқалды.

Ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді: 5,5%. Одан кейінгі орында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдары (әрқайсысы 5,2%), сондай-ақ Ақтөбе облысының ауылдары (5,1%). Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Қарағанды ​​облысының ауылдарында байқалды: бар болғаны 3,7%. Одан кейінгі орындарда Павлодар және Абай облыстарының ауылдары: сәйкесінше 4,2% және 4,3%.

Жынысы бойынша әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерлерге қарағанда жоғары: тиісінше 5,4% және 4,2%. Сонымен қатар, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі тиісті кезеңде үшінші жыл қатарынан өзгерген жоқ, ал ерлердің көрсеткшіі азайып келеді, бір жыл бұрын 4,4% болған.

Жұмыссыз әйелдердің саны да жұмыссыздар ерлер санынан асып түседі: тиісінше 208,1 мың және 245,3 мың. Сондай-ақ, жұмыссыз әйелдер бір жылда 0,6% көбейсе, жұмыссыз ерлер 0,5% азайды.

Өңірлер бойынша ерлер арасындағы жұмыссыздық

Тегтер: