ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ АУЫЛДА ЖОҒАРЫ

Жұмыссыздықпен күрес кез келген елдің басты назарындағы мәселелердің бірі. 2023 жылдың бірінші тоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған.
Еліміздің сарапшылары «алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіш өзгерген жоқ, бірақ былтырғы бірінші тоқсанға қарағанда сәл төмендеді» дейді. Яғни еліміздегі жұмыссыздықты жою бағытында атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беріп жатыр деп айта аламыз. Осы орайда атап өтер жайт, ауылдарда жұмыссыздық деңгейі қалаға қарағанда жоғары. Ауылда жұмыссыздық деңгейі 4,9% пайызды құрап отырса, қалада 4,7% көрсетіп отыр. Демек ауылдағы жұмыс көздерін көбейтуге барынша күш салу керек.
Халықты жұмыспен қамту мақсатында кәсіпкерлік бағытында мақсатты түрді қаржы бөлініп, жұмыс көздері де ашылып жатыр. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 — 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 352,6 мың адам қатысқан. 233,1 мың адам жұмысқа орналасып, оның 100,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл шын мәнінде елімізде жұмыссыздықты жою бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын аңғартады. Жалпы елімізде халықты жұмыспен қамту үшін 10 ұлттық жоба жұмыс істеп жатыр екен. Олар қаншалықты нәтижелі?
Экономист Жанұзақ Әкім: «Бізде жұмыс орындары уақытша, белгілі бір бағдарлама арқылы ашылып жатады. Яғни бағдарламаның мерзімі бітіп, қаржыландыру көзі аяқатлғанда, жұмысс көзі де жабылады. Қыруар қаражат бөлінген соң жұмыс орындары тұрақты болуы керек. Мәселен зауыт салу керек. Яғни зауыт тұрақты жұмыс істеп, оған кірген адам қырық жылдық еңбек өтілімен зейнетке шығатындай мүмкіндік жасауымыз керек. Зауыт арқылы мемлекеттің бюджеті де көбеюі керек. Рас, ұлттық жобалар жақсы. Бірақ олар уақытша сипатта болмауы керек. Мәселен былтыр ұлттық жобалар аясында қабылданған жұмыс орындарының басым көпшілігі, атап айтқанда 185 мыңға жуығы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған ұлттық жобасы аясында ашылған. Сонымен қатар, 15 мыңға жуық жұмыс орындары «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі ұлттық жоба аясында 10 мыңнан астам, «Білімді ұлт — сапалы білім беру» 8 мыңға жуық, «Жасыл Қазақстан» 3,7 мың, «Ұлттық рухани жаңғыру» 3,3 мың, «Тұрақты экономикалық даму» 3,3 мың, «Дені сау ұлт» 790 адам, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында 641 адам жұмыспен қамтылуға мүмкіндік алған. Халықты жұмыспен қамту үшін 10 ұлттық жоба жұмыс істейді екен. Биыл 764,8 мың адам жұмыспен қамтылған. Он ұлттық жобаға бұл аздау секілді. Ұлттық жоба аясында 230 мыңға жуық адам жұмысқа тұрды. Оның 182,9 мыңы мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары» дейді.
Рас мемлекет әрекетсіз емес. Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін ұлттық бағдарламалар жүзеге асып, кәсіпкерлікті де дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Тек олар өміршең болғай