16:19, 26 Қазан 2023
Жүргізуші куәлігіне тапсырылатын емтихан жүйесі өзгертілді
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері емтихан қабылдайды
Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтиханды енді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды, деп хабарлайды Zhasalash.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдерінің сөзінше, бұл шара қызмет көрсету сапасын арттыру және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетерлігі, бұған дейін емтиханды аутсорсинг компаниялар жүргізетін.
16 қазаннан бастап жол қозғалысы ережелерінің 2.0 орнына жол қозғалысы ережелерінің 3.0 жаңа жүйесі енгізілді. Қазір жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі және тестілеу бейнебақылауға жазып алынады.