Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:40

Жүргізушісіз таксилер көктемде сынақтан өтеді

такси қазақстан
Фото: pixabay

Алматыда алғашқы жүргізушісіз таксилердің қашан пайда болатыны белгілі болды. 

Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсековтің айтуынша, жүргізушісіз таксилер биыл көктемде тестілеуден өткізе бастайды.

"Yandex компаниясымен бірлесе отырып, 1 мамырға дейін 50 автокөліктен тұратын жүргізушісіз көліктердің пилоттық жобасы іске қосылады", – деді Мейрам Дүйсеков.

Әкімдік өкілі қала көшелерінде 50 жүргізушісіз такси пайда болатынын атап өтті.

Министрліктің хабарлауынша, жүргізушісіз көліктерге арналған инфрақұрылым жартылай дайын, кейбір техникалық және нормативтік мәселелерді шешу керек.

Тегтер: