Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:49, 29 Шілде 2020

Журналистер атындағы байқау

2020 жыл Қазақстан халқы үшін де,БАҚ өкілдері үшін де оңайға соқпады. Арамыздан ерте айырылған әріптестер бар.

Иманды болсын. Түркітілдес журналистер қоры «Шеврон» компаниясыменбірігіп өткізетін "Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтікмәселелер" тақырыбындағы онлайн және оффлайн семинар-тренингтер шеңберіндеқазақ журналистер үшін Байқау ұйымдастырмақ. Тақырып: «Шеврон»компаниясының әлеуметтік жобалары. Елдің әлеуметтік саласын дамытуға«Шеврон» компаниясы қосып жатқан үлес орасан. Осы орайда, тамыз-желтоқсанайларында болатын онлайн-семинар тренингке қатысушылар Байқауда бақ сынайды. Олүшін «Шеврон» компаниясының серіктестері өздері жүзеге асырып жатқанжобалар жайлы ақпарат береді. Соның негізінде онлайн семинарға қатысушы БАҚөкілдері газет, сайт, телеарна мен радиоарнада материал жариялайды. Арнайықұрылған Қазылар алқасы үздік 50 журналисті іріктеп алады. Жеңімпаздар күздеАлматыда болатын оффлайн семинар-тренингке қатысады. Олардың барлық шығынын(жол, тамақ, қонақүй) Түркітілдес журналистер қоры төлейді. Үздік 50журналистің арасынан үздік 5 журналист таңдалып алынып, оларға биыл қаза тапқанәріптес ағаларымыз — Бейсен Құранбек, Аманхан Әлім, Жолдасбек Дуанабай, ДиасОмаров, Қуандық Шамақайұлы атындағы арнайы сыйлықтар беріледі. Марапаттау салтанатыАлматыда өтеді, бұйыртса. Мақсатымыз — Қазақ журналистикасын дамытуға үлкенүлес қосқан абзал ағаларымыз көзден кетсе де, көңілден кетірмеу. Журналистикасаласында әріптестеріміз бастап кеткен игі істерді жас буынға аманат ету.

Онлайн семинарларға тікелу жәнеБайқау туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 778 878 3408.

 

Тегтер: