Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:47, 14 Сәуір 2020

Жұрт жадындағы ән «Жүрек сыры» қалай туды?

Жақында өмірден өткен композитор Тұрдықылыш Ізтаевартында талай тамаша әндер қалдырды.

Композитордың жүректі қозғайтын әндерініңбірі – «Жүрек сыры» әні. Осыдан біраз жыл бұрын осы әннің сөзін жазғанжамбылдық ақын Мәдина Көбеевамен әннің шығу тарихы жайлы сыр бөлісіп едім. Олкісі де өмірден өтіп кетті. Менің архивімде сақталған ол әннің шығу тарихы кезкелген кісіні қызықтырады.

Мәдина Көбееваның 2006 жылы жарық көрген «Іңкәр дүние»жыр жинағының алғысөзін жазған ақын Исраил Сапарбай: «… Тұтас жинақтың ашымалыақиқаты да, тұшымды тұсы да соңғы – үшінші бөлімде екені даусыз. Кезіндеәуез-сазбен бәрімізді елең еткізген, өзіне баураған мына бір өлеңге құлақтүріңізші:

Жақын болып кеттің-ау, жаным маған,

Кездерім жоқ сені аңсап, сағынбаған.

Шағаласыз шарқ ұрған теңіздей боп,

Іздейді екен беймаза шағында адам.

Жұлдыздар да еріксіз сөнеді екен,

Қара аспан қайғырғанда төнеді екен.

Күн шуағын жаныңа төгетұғын,

Бір жүрек бір жүрекке керек екен...

Есіңізге түсті ме? Жинақта дәлосындай әнмен әспеттесіп немесе әуен, саз шақырып тұрған өлең жолдары жетіпартылады. Оларды тек оқу керек, олармен тек оңаша сырласу керек. Әсіресе,әндеріне мәтін іздеп шарқұрып жүрген сазгерлер, әншілер...», –деген еді.

Өлең өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасындажазылып, алғаш 1978 жылы жарық көрген ақын қыздар – Зүбәржат Құсбекова, ҚатираЖәленова, Мәдина Көбееваның өлеңдері топтастырылған «Қызғалдақты көктемі»жинағына енеді. Сол жылдары қазақ көремендері үшін «Тамаша» ойын-сауық отауыныңорны ерекше болатын. Әрбір мереке сайын берілетін бағдарламаны тамашалау үшіндастархан мәзірін сол уақытқа дайындап, асыға күтетіндер әлі де бар. 1984 жылымамыр айында «Тамашаның» кезекті санының алдында қазанына етін салып,дастарханын жайып, қонақтарын күтуге дайындалып, әбігерге түсіп жүрген Мәдинателедидардан әдемі сазбен үйлесе орындалып жатқан өзінің өлеңін танып, отырыпқалады.

–  «Мынау, меніңөлеңім ғой» деп айта беріппін. Сол күні үйде анам болатын. Ол кісі ұрысып: «Осықыздың есі дұрыс емес. Қуанса да, қорықса да жылай салады», –  деп сабамды орнына түсірді. Шынымды айтсам,әнді алғаш «Тамашаның» сахнасында орындаған оңтүстік қазақстандық әнші ТатьянаМартыненконың қазақылықпен иіліп сәлем салып, әнді баяу қарқынмен бастап,көпшілікті баурап алғаны өзіме қатты әсер етті. Міне, ән сол уақыттан берітанымал болды. Оның алғашқы орындаушысы – Шымкенттен шыққан үш Татьянаның бірі– Татьяна Мартыненко. Ал әнін жазған сазгер – Тұрдықылыш Ізтаев. Кейін ән«Мәдениет және тұрмыс» журналына нотасымен басылып, «Қазақ әдебиеті» газетіндеде жарық көрді, — деген еді марқұм Мәдина Көбеева.

            Тіпті,бұған дейін Мәдина Көбеева мен сазгер Тұрдықылыш Ізтаев бірін-бірі көрмегенекен.Мәдина Көбеева кезінде Шымкент шаһарында іссапармен болғанда сазгердііздеген екен, бірақ таппапты. Кеңес Үкіметі тұсында еліміздің бірқатарқалаларында іссапармен жиі болған М. Көбеева әнді өзге әншілердің, қызылордалықтоптың, қарағандылық дуэттің орындауында тыңдап жүреді. Ақын әнге «жиендік»жасағандармен де бетпе-бет кездескенін айтып еді.

–  Қызылордақаласында журналистер мен заңгерлер жиналған үлкен басқосудан кейін қонақтарғакеш ұйымдастырылды. Әрине, кеште әндер орындалып жатты. Содан ортаға шыққанжергілікті филармонияның әнші қызы: «Сіздердің құрметтеріңізге орындалатынкелесі әннің сөзін менің құрбым жазды. Өкінішке орай, ол бүгін келе алмады»деп, бейтаныс ақынның аты-жөнін атап, мен сөзін жазған әнді орындады. Сол кездеақтөбелік бір журналист: «Бұл қалай? Бұл әннің сөзін жазған ақын Мәдина Көбееваортамызда отыр. Сонда сіздер көзімізді бақырайтып қойып, жиендік жасайбересіздер ме?» – деп, әнші қыздар кешірім сұратты. Сол жере отырған заңгерлермұны сотқа тарпақшы да болды. алайда, жастар бір білместік жасаған шығар депкешіріммен қарадым, – деді Мәдина.

1988 жылы Мәдинаның ұлы Арман Отан алдындағы борышын РесейдіңЧелябі өлкесіндегі Шұбаркөл деген жерде өтейді. Жанындағы Қазақстаннан келгенсарбаздар туған жерін сағынғанда кешкілік жиналып ән салады. Сонда осы «Жүрексыры» әні де жиі орындалады екен. Кейін әннің авторының бірі Арманның анасыекенін білген сарбаздар Мәдина Көбееваға хат жазып, әннің шығу тарихытөңірегінде ой қозғап, туған жерге деген сағыныштарын басқан екен...

Мен сол жолы осы әннің әуенін жазған Тұрдықылыш Ізтаевағамның телефонын тауып, хабарластым. Ағам ашық екен. Бірден-ақ баурап алды. Сөйтіп,бір кеште телефонмен ұзақ сөйлесіп, әннің шығу тарихын айтып берген еді,жарықтық!

1980 жылы сазгердің қолына қазақ ақын қыздарының«Қызғалдақты көктем» өлеңдер жинағы түседі. Ол композитор ақын ХанбибіЕсқараевамен бірге тұрады. Ханбибі іссапарға жиі кетіп, үйде жалғыз қалғансазгер көңілі құлазыған кезде кітаптарды парақтайды. «Өзің жақсы көретін адамдысағыну қандай ғанибет! Қандай ғажап! Ақын Мәдина Көбееваның «Жүрек сыры» өлеңіменің көңілімді дөп басты. Ән өмірге солай келді. Ал ән алғаш рет «Тамашаның»режиссері Лұқпан Есеновтың қалауымен 1984 жылы «Тамашада» орындалды», – дегенеді Тұрдықылыш аға.

Иә, «Қазақ елі», «Елбасы», «Қазақсаным» сынды патриоттықәндермен қатар жүрекке жылы, сазды әуенді «Нурикамал», «Жүрек сыры»,«Биле-биле», «Меңді ару», «Қимаймын», «Махаббат өмір», «Хадиша», «Алтынай»,«Қайдасың?» сынды тамаша әндер жазған Тұрдықылыш Ізтаев та, өмірін тек өлең депбілген ақын Мәдина Көбеева да өмірден өтіп кетті. Дегенмен артында мол руханимұра қалдырған ақын мен сазгердің шығармалары әлі де насихатала беретінінесенеміз. Өйткені, өнер өлмейді!

ЕрманӘБДИЕВ,

Ақпаратсаласының үздігі,

Жамбылоблысы

Тегтер: