Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:37, 05 Қыркүйек 2019

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Соңғы романымнан ептеген үмітім бар

Қысқа да нұсқа жазғым келеді.Өмірдің мысалынан алыстағым келмейді. «Шымыр жазайыншы, көлгірсіп кетпейінші»деймін.

Жазып отырған сөздерім кейде өлеңге ұқсап кетеді. Осы Азияжазушыларының 1 форумы туралы жазып отырғанда қаламыма мынандай өлең шумағы оралды.

Бір-біріне қол созған...

Тіс қайраған,

Аң ақырса,

Бір жақта құс сайраған.

Құрлықтарды айтасың,

Құрлық түгіл,

Өзі тұрған қалаға ұқсайды адам.

Екінші дүниежүзілік соғыстақолға түскен ағаларымызды «азиат» дейтін. Бүгінгі жиынға байланысты сол есіме түсіптұр. Орхан Памук бір сұхбатында Түркия қазір мәдени жағынаншығыстан гөрі батысқа жақын деген ой айтады. Кейде батыс пен шығыстың ортасындатеңселіп тұрған кемеге ұқсайды дейді.

Осыдан он-он бес жыл бұрын Гетеинститутының ұйымдастыруымен Германияда болдым. Сонда лауазымды адамнан:«Түркияның Еуроодаққа өту мүмкіншілігі қандай?» деп сұрадым. Ол: «Діні басқа,ділі басқа Түркия Еуроодаққа қалай өтеді?» деді. Ақыры соған келді.

Сол айтпақшы, біз ең алдыменқазақ жазушысы болып есептелеміз. Бірақ батыс елдеріне таралмасақ, танымалжазушы бола алмаймыз. Себебі Түркі әлемінде, Азия елдерінде батыстағыдай іріхалықаралық әдеби сыйлықтар жоқ.

Мо Ян мен Орхан Памук Нобельсыйлығының арқасында танымал болды. Осы форумнан сол екі жазушыны көреміз бе депүміттенгенімізді жасырмаймыз. Себебі екеуі де жазушылықтың қыр-сыры туралы жиіайтады. Екеуінің шығармашылық туралы бір-біріне берген сұхбаты да бар. Олардыңқоғамдық талқылаудан қорықпауы, қоғаммен ашық әңгімеге баруы үлгі аларлық нәрсе.

Мысалы, Орхан Памуктың «Қар»атты романы негізінен дискуссиялық шығарма. Қазіргі қоғам талқыны, дискуссияныжақсы көреді. Егер ондай қадамға бармасаң, позицияңды беріп қоясың.

Мен «Өнер» деген әңгіме жаздым.Ішінде аздаған интригасы және бүгінгі заманның сауалдары бар. Өнер белгіліжазушының алдына бойжеткен қыз бейнесінде келеді.

Көлемі алты-ақбеттік осы әңгімені Қазақстандағы белгілі үш-төрт сайт көшіріп басты. «Кітап.kz»сайтында жылдың үздік әңгімесі атанды. «Абай.kz» порталында редакция таңдауыныңқатарына кірді. Сонымен бірге Ұлттық аударма бюросының ұйымдастыруымен алтытілге аударылды. Қызыққан әдебиетшілер болса, сонан тауып оқуына болады.  

Оған қоса бір жылда жеті әдеби эссе жаздым.«Тораңғы және Тұрсынжан», «Аңыз Шерхан», «Аңыз Мұхтар Мағауин» сияқтыэсселерімді газет-журналдар мен сайттар бірінен бірі алып көшіріп басты. Бірсөзбен айтқанда әдеби сын тоқыраған кезде,әлеуметтік желі өлшем болып тұр.

Сайтта модаға айналабастағандар да бар. Кеше ғана осылардың бірі туралы: «Жазушы Қуандық Шамахайұлыжиі жазады. Оның өз оқырманы бар. Халық жақсы қабылдайды. Үлкен пікірталас болады»,– деген комментарий оқыдым.

Сөзімнің басында айтқанымдай,әдебиетте осылай дискуссиялық мәселелерді де көтеруге болады. Онда көтерілгенмәселелер басқадан гөрі тұщымды жазылады. Әрі адамның ішкі мәдениетінқалыптастыруға да жақсы.

Осы ыңғайда бір әңгіме айтқымкеліп тұр. Бір қарағанда жаман жазушы емеспіз. Бұдан да жақсы жаза түссек дептыраштанамыз. Соңғы жылдары түрегеп тұрып жазуды әдетке айналдырдым. Жұмыскабинетіме соған ыңғайлы мінбе сатып алдым.

Үйде де терезенің алдында тұрыпжазғанды жақсы көрем. Мұны шығармашылық адамының жазуға деген адалдығынан депбілем. Қалам қалғып кетпеуі керек деп ойлаймын. Осындай жазушының жазғаны керекпе, керек емес пе?

Жақында бір жақсы досымаілесіп, қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің мұражайына бардым.Түрегеп тұрып жазатын жазу үстелін сол жерде көрдім. Елу-алпыс жыл бұрын қолданжасатқан екен. Шынтағымды тіреп, жағымды таянып тұрып суретке түстім. Сондаойыма не келді?

Егер оның «Этнографиялықәңгімесі» бүгін жазылса, әлеуметтік желі басқаның бәрін ұмытып, соны талқылареді. Бұл әңгіме қазақ қоғамындағы басқалар жабық тақырып деп есептейтінмәселені ашық талқыға алып шығуымен құнды. Ондағы интрига кеңес заманында да,тәуелсіздік алғаннан кейін де, нақ бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.

Үлкен суреткердің қаламына іліккенсол мәселе өткенде тағы көтерілді. Бірақ оны көлденең біреу фейсбукқа сүйкейсалды. «Біздің руымыз мықты еді, басқа рулармен қыз алысып, қыз берісіп,дәрежеміз түсіп қалды», – депті.   

«Интеллект төмендегенде, руханииммунитет те әлсірейді» деген рас екен. Әлеуметтік желі соны біраз күн азыққылды. «Солар Ғабеңнің «Этнографиялық әңгімесін» оқымаған-ау, оқыса өздері деұялар еді», – деп ойладым.

Қазір ұлттарды қойып, құрлықтарарасында үнсіз бәсекелер мен текетірестер жүріп жатыр. Маған сол бәсекеәдебиетте де бар сияқты көрінеді. Ұлы державалық әдебиет ұлттық әдебиеттімысымен басып тұр.

Біз сол үлкен әдебиеттердіңстандарттарын қабылдауымыз керек тәрізді. Мәселен, шығыс ежелден миниатюрағажақын. Роман деген оқырманды тартып тұратын магиялық құдіреті бар жанрды алыпқараңызшы. Қазір романның көлемі сақталмайтын болды, ендеше неге романға қойылатыншарттар сақталуы керек.

Романды дәуір сипатын береді депауырлатудың қажеті қанша. Оған дәуірдің жүгін арқалатып неғыламыз. Мен жоғарыдакөлемі алты-ақ беттік әңгіме жаздым дедім. Сол сияқты көлемі жетпіс-ақ беттіктағы бір роман жазып шықтым. Біз шығыстың үлгісімен жазсақ, сыншылар бізді батыстыңүлгісімен талдайды. Міне, қорлық!

Әдебиетті біраз танып қалдық қой.Осы соңғы романымнан ептеген үмітім бар. Бірақ әзірше жариялағым келмей отыр. Себебі,бүгінгі күні еңбегің ақталатын бірден бір жол әдеби конкурстар ғана.

Сонда біреу "әй, мына бір романжақсы екен" десе, екіншілерінің «көлемі қысқа екен, осындай да роман болама?» дейтінін ішім сезеді. Алайда оның ішіне түрлі линияларды қосып, көлемінұлғайтқым келмейді. Романды дискуссияға құру, сол арқылы ішкі тегеурінін арттыружанрды сақтап қалудың бірден бір жолы, әрі-беріден соң.

Бүгінгі заман қай жағынан алыпқарасаңыз да интриганың заманы болып тұр. Біз бастан өткеріп жатқан күндерде романғалайықты күшті интригалар мен персонаждар бар. Жазушы оны ала салып, жаза салмайды.

Әдебиетке де кешенді түрдежұмыс істеудің жолдарын әкелу керек. Арнайы тақырыптарға кино түсіру үшін алдынала қаржы бөлінеді. Ал кітап жазуға алдын ала қаржы бөлінгенін естіген емеспін.Қазақтың меценаты Маман Тұрысбеков осыдан жүз жыл бұрын: «Роман жаз, романжазсаң осынша ақша беремін» депті.

Әдебиет өндіріс ретіндекімдерге жұмыс істейді. Ақыл-ойға ақша төленетін заманда, әдебиетке неге ақшатөленбейді? Ұлтты қойып, Азия деген алып құрлықтың өз философиясы сақтала ма?Біздің бүгінгі, ертеңгі болмысымыз қандай болмақшы?

Жеке мысалмен айтсам, осыменменің үш бірдей шығармам бойынша көркем фильм түсіріліп отыр. Одан басқажетістіктерімді жоғарыда айттым. Қазір қазақ әдебиетінде мен сияқты еңбек етіпжатқандар жоқ емес. Алайда олардың еңбегі көп көріне бермейді. Өз ішімізде ғанабір-бірімізді танимыз. Сыртқа шыға алмай жатырмыз.

Тереземнің алдында тікемнен тікжазу жазып тұрып күндіз-түні ойланатыным осы. Меніңше, бүгінгі өтіп жатқанфорумның басты бір мақсаты да осы болуы керек. Бір-бірімізді қолдайық, ортақоқырманымызды көбейтейік, шығармаларымыздың насихатын бірлесіп жүргізейік, үлкенәдеби сыйлықтар белгілейік дегім келеді.

Тегтер: