Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:34, 14 Маусым 2021

Жылқы зәрінен. Әкім балықтардың неден қырылып жатқанын айтты

None
None

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев өңірде балықтың қырылу себептерінің бірі жылқы зәрі болуы мүмкін екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

10 маусымда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан екі шақырым жерде балықтың қырылып жатқаны жөнінде дабыл түскен. Өлі балықтар Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсынан табылды.

«Бұл дерек маусымның 10-на қараған түні анықталды. Біз дер кезінде бардық, облыстан да арнайы комиссия келді. Қаракөз және қызылқанат балықтарының шабақтары екі өзеннің құяр аумағында өлген. Өзіміздің жобалауымызша, бөлініп қалған суда жылқының зәрінен немесе қой тоғытудың салдарынан ауа жетпей өлуі мүмкін деп отырмыз», — дейді Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. 

Тегтер: