Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:41, 27 Сәуір 2023

«Жылу энергия орталықтарын газға көшіру – басты міндет»

None
None

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» басшысы айтты

Бүгін «Самұрық-Қазына» ұйымдастыруымен Алматы облысында республикалық БАҚ өкілдеріне арналған пресс тур болды. Сонымен, «Самұрық-Қазына» және Алматы облысының әкімдігі өңірдегі Қор жобаларын іске асыру кезінде ынтымақтасатын болып уағдаласты.

Мұндай келісім бүгін Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің кездесуінде бекітілді. «Самұрық-Қазына» басшысының айтуынша, қазір Қор өңірде ауқымды энергетикалық жобаларды іске асырып жатыр. Мысалы, Алматыдағы көмірмен істейтін ЖЭО жанында газбен істейтін жаңа ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылысы басталды. ЖЭО-2 қуаты 600 МВт болады, ЖЭО-3 — 545. «Самұрық-Қазына» компаниялары өңірде жаңа жел және су электр станцияларын құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Нұрлан Жақыпов: «Өңір бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі энергетикалық хабтардың біріне айналуы мүмкін. Бірінші кезекте оның қуаты Алматы өңірінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Ішкі нарықта сұраныс үнемі өсіп келеді. Одан артылғанды экспорттау керек. Қырғызстан мен Өзбекстан біздің таза электр энергиясына ерекше қызығушылық танытып отыр», — деді.

Қор басшысы Қонаев қаласының маңындағы күн электр станциялары паркіне және Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-ке барды. Менеджер қазір Қазақстанда СЭС маневрлік қуаттың негізгі көзі екенін атап өтті. Олар ауа райына байланысты күн мен желдің энергиясын өндіру тұрақсыз болған кезде электр энергиясына сұранысты арттырады. Жасыл энергетика жүйесінде СЭС қана энергия өндірудің тұрақсыздығын сенімді түрде өтей алады.

Әкімдікте өткен отырыста Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына энергетикалық нысандарды салу кезінде жергілікті биліктің көмегі қажет екенін атап өтті. Мысалы, жаңа станцияларға коммуникация жүргізу үшін жер учаскелерін бөлу кезінде ынтымақтастық қажет. Н.Жақыпов Twitter желісінде: «Жер бойынша әлі де шешілмеген мәселелер бар.  Атап айтқанда, ЖЭО аумағын кеңейту, газ құбырлары мен теміржол мәселелері. Осы орайда біз жер иелерімен барлық рәсімдер мен мәселелер жедел, ашық, әділ және заңға сәйкес шешіледі деп сенеміз», — деп жазды. Қор мен облыс әкімдігі тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуге және үнемі байланыста болуға келісті.

Қордың алдында тұрған тағы бір маңызды міндет – Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті жаңғырту және газға көшіру. Ол үшін газды уақтылы жеткізу қажет, яғни АБТ (Алматы — Байсерке — Талғар) газ құбырының екінші желісін уақтылы жобалау және салу қажет. Алайда, осы жоспарларды іске асыру үшін жер қатынастарын реттеу мәселелеріне негізделеді. Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» облыс әкімдігіне үлкен үміт артып отыр, ол осы мәселелердің барлығын шеше алады.

Осы орайда «Самұрық-Қазынаға» қарайтын компанияларға анықтама бере кеткен жөн сияқты. Мәселен, «Samruk-Green Energy» ЖШС жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру үшін 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылған «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы. Компанияның балансында Қонаев пен Алматы қалаларында жалпы қуаттылығы 3,4 МВт күн электр станциялары, сондай-ақ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы кентінің маңында қуаттылығы 5 МВт жел электр станциясы бар.

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы «АлЭС» АҚ құрамына кіретін Ш.Шоқин атындағы Қапшағай ГЭС Іле өзеніндегі Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Су электр станциясының жобалық қуаты — 434 МВт, ал нақты орнатылған қуаты — 364 МВт. ГЭС су қоймасынан су ағынын пайдалану негізінде электр энергиясын өндіру технологиясын пайдаланады.

«Самұрық-Энерго» АҚ Алматы энергокешеніне үш компания кіреді: «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. АлЭС Алматы өңірі тұтынушыларының шамамен 70% -. электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Компания құрамында-ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС, Алматы ГЭС каскады, «Энергожөндеу», Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО).

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) – республиканың оңтүстігіндегі халық үшін электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі ірі өңірлік электр желілік компаниялардың бірі. Алматы өңірінің 4 миллионға жуық халқын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС — Қазақстанның ірі энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының бірі. Алматы қаласы мен Алматы облысының 3,5 миллионнан астам тұрғынын және 38 мыңнан астам кәсіпорнын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ — Қазақстандағы ең ірі электр энергетикалық холдинг, оның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі. 2007 жылы құрылған. Қызметтің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын беру, бөлу және өткізу; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т. б. кіреді.

«Samruk-Green Energy» ЖШС жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру үшін 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылған «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес ұйымы. Компанияның балансында Қонаев пен Алматы қалаларында жалпы қуаттылығы 3,4 МВт күн электр станциялары, сондай-ақ Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы кентінің маңында қуаттылығы 5 МВт жел электр станциясы бар.

Тегтер: