Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:53, 23 Шілде 2020

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Тақырып үшін қызық демесеңіз, дәл осысөздердің қазіргі мәні көп шайналған қартаның дәмімен қарайлас.

Асқазан үшінмаңызы шамалы  ас секілді, жалпы,қабылдауға да аса бір қажеттігі жоқ. Келді, кетті. «Ауырмайтын секілді ғой түкетің» деп келетін бір ұйқас еске түсті. Асекем Қазақстан үшін қайғырса, жүрегіауырса мұндай жұмыстан өзі-ақ баяғыда бас тартатын еді-ау, бәлкім. Тұтас бірелдің болашағына әрі ақпараттық қауіпсіздігіне жауапты министрлікке нағызмайталман, ІТ саласының жілігін шағып, майын ішкен маман әбден керек екенібұрыннан белгілі еді. Әлгі таққа Асқар Қуанышұлы қонжия қалғанда мырс етіп қанақойғанбыз. Тілші болған соң, көптеген маман иелерімен кездесесің. Кейде өздерісырын ақтарады, көбіне өзің кәнігі тыңшыдай сөзге тартып, сырына қанығасың.Қысқасы, ақпарат алуды өзіңе мұрат санайсың.

      Бірде киберспортты кәсіп санайтын, бірақ ІТмамандығына әбден бет бұрған, тіпті есім-сойы әлемдегі белгілі айтишниктерменқатар аталатын қазақты кездестірдік. Әңгімесі таспаға жазылмаған соң, кейтұстарынан тайқып кете ме деген қауіппен аты-жөнін және айтқан әңгімелерінмақалаға арқау ете алмадық. Бірақ өзіміз естіген әрі іштей сараптағанақпараттарынан тап осы салада Қазақстан жуық арада алға баспайтынын білдік. Олкезде біздің елде қашықтан оқыту үрдісі жүзеге асатыны қаперге кірмейтін.Омақасатынын сездірген. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысындағы сөздерінен тұлабойымыз мұздап, қорғансыздың кейпінде қалғанымыз есте. Цифрлық түсінікте тымтөмен екенімізді еріксіз мойындатып, көш соңында қалып кеткенімізді бетімізге салықетіп басқандай болып еді. Оның пайымындағы техникалық сөздерді жадымызда сақтайалмадық. «Сенбесеңіз, пәленбай сайтқа кіріңіз, ағылшынша түсінсеңіз, бәрі тайғатаңба басқандай жазылып тұр», – дегеніне мән бергенімізбен, кейін арнайыіздемедік. Ол жігітті шындасақ табатын секілдіміз. Мүмкін, алдағы уақыттатілдесудің жолын қарастырармыз. Қазақта да осы саланың қыр-сырын меңгергеназаматтар бар екен дедік те қойдық.

      Асқар Жұмағалиевпен алыс-берісіміз жоқ.Қазақ еліндегі қалың министрлер қатарын толықтырған кісі демесеңіз, бұлжігіттің өз ісінде тау қопарғаны шамалы. Қайта оның жұлдызы кик-боксте жануы мүмкінеді. Шығыс жекпе-жегін бір кісідей меңгерді. Кейбір бәсекелері есімізде. Текалға ұмтылатын. Қарсыласына тап беретін қайсарлығына, кездесу бойы артқашегінбейтін табандылығына тәнті болдық та. Зәкіржан  Насыров секілді бапкердің өзі жақсы бағалағанспортшы бертінде таңғалдырды – Асекең анау-мынау емес, ақпарат министрі болыпшыға келді. Басылым біткенге жөн сілтейтін, электронды БАҚ пен газет-журналдыдамытуға жауапты уәзір еді. Шынын айту керек, Жұмағалиевке мұндай жауапкершіліктің жүктелуі еш қисынға келмейтін. Қосымшатағы бірдеңелері бар министрлік десеңіз де, қоғаммен байланысты реттейтінсалаға мұндай тәжірибе жасау былайғы жұрттың ойына кіріп шықпайтын қадамболатын.

       Жұмағалиевтіңақпарат саласында ашқан жаңалығы немесе әкелген пайда-зияны өзге бір мақалағажүк болатын шығар. Оған дейінгі және кейінгі мансаптары да ел алдында. Жеткенжетістігін, кеткен кемшілігін дәл қазір сараптауға зауқымыз соқпай отыр. Соңғыжұмыс орнында да олқылыққа орын бергенін мемлекет басшысының өзі де айтты.Пандемия кезінде «Цифрлы Қазақстан» сиқырлы таяғын ұмытып кете беретінәпендінің тірлігін көз алдыңызға әкелгені өтірік емес қой. Не бел, не белбеукететін заманда министр Жұмағалиевтің жұмысы көрінуі тиіс еді. Алайда қашықтаноқу кезінде  байланыста туындағанқиыншылықтар тұтас бір саланың жұмысы ақсап тұрғанын аңғартты. Жыпылықтағанинтернет осы Жұмағалиевті жалп еткізуі заңдылық еді.

      Рас, Қазақстан ІТ саласына ерекше мән берді. Цифрландыруға да ақша аяп қалған жоқ.Министрлік сұраған қаржы бөлінді. Бірақ оның қалай игерілгені жайында ақпаратаз. Ақпарат аз дейтініміз, алға басып кетпеген саланың қай ақталуы да адамдар сенімінежол таба алмайтыны анық. Әйтпесе министр тарапынан ұсынылған жауаптар былайғыжұртты желпіндіріп тастайды. Мысалы, былтыр тілшінің біріне берген сұхбатындаАсқар Қуанышұлы: «Мемлекеттік органдар, әкімдіктер, кәсіпорындар цифрландыруғаынталы. Талай шаруа атқарылды. Әлі де істелуі тиіс жұмыстар баршылық. Шындығынайтқанда,  бүгінге дейінгі жүзеге асқанжобалар ішке қонады. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы 80 пайыз автоматтандырылды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан іскеқосылады», – деген болатын. Немесе «Эстондардың озық тәжірибесімен таныстық.Оларда  X Road  деген жүйе бар екен. Қазақстандасоларға ұқсас Smart Bridge атты интеграциялықплатформаны құрдық. Ол мемлекеттік органдардағы ақпаратты біріктіреді», – депте айтты. Бір қарағанда жұмыс жүріп жатты.  Алайда жұрт көңілінен шықты деуге негіз аз.Жұрт қана ма екен?

     Пандемияға дейін де мемлекет басшысы тап осысаланың солғын тартқан тұстарын әңгімеге өзек етіп, цифрландыру дегеніміз бір ғана саланы немесе бір бағытты дамыту емес екенінетоқталып, оның ең алдымен экономиканың, өнеркәсіптің және қоғамның дамуынатүбегейлі өзгерістер әкелуі қажеттігін түсіндірген. Тіпті барлық мемлекеттікоргандар мен ведомствоға қарасты мекемелерге ортақ мониторинг жүйесін құрудыңмаңыздылығын ескертті. Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі озық, заманауи жүйелердің қозғаушы күші болуы тиіс екенін, әзіргебұл мақсатқа толық қол жеткізбегенімізді ескертті. Демек, бұл жұмыста біртұтаскөзқарас, нақты жүйе болған жоқ. Соның салдарынан цифрландыру түрліведомстволарға шашырап, жайылып кеткен. Тағы бір жиында Қазақстан президентіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Big Data технологиясын, «жасанды интеллект» алгоритмінқолдану нақты әрі дәл деректер базасын құруға, қате немесе ескіргенақпараттарды анықтауға, шашыраңқы мәліметтердің біртұтас және объективтікөрінісін айқындауға көмектеседі. Сондықтан үкіметке барлық мемлекеттікоргандарды жұмылдыра отырып, Smart Data Ukimet жобасын қысқа мерзімде іскеқосуды тапсырамын», – деген еді. Яғни ақпараттық технология дамыған заманда мемлекеттікцифрлық қызметтер кез келген қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді болуытиіс еді. Қарым-қабілет деген болады. Істі білу бар да, оны жүргізу өзгеше бірөнер.  Жұмағалиев тап осы саланың жүйрігіемес екені жиі байқалды. Оның орын босататыны жауырыншы түгіл, қарапайым елгеде түсінікті еді. Президент сауатты қадамға барып, дұрыс шешім жасаған секілді.Сарапшылар пікірі соны меңзейді.

     Тағы да сол тосын жағдайдатілдескен азаматтың бірі еске түсіп отыр. Жуңгода өмір сүретін бауыр екен.  2006 жылыҚытайдың  Гуанчжоу атты қаласында күрестүрлерінен әлем біріншілігі өтті. Күзге салым Алматыдан Үрімшіге ұшып шығып, аяқсуытып алған соң, Үрімшіден Гуанчжоуға қатынайтын ұшаққа міндік. Бірнешесағаттан кейін қасымызға бейтаныс жігіт келді. Қазақша тіл қатты. Пошымынан датаныдық. Ішкі Қытайда үлкен компанияда қызмет істейді. Қытай елінің азаматығой. Бірақ біздің елдегі жағдайлардан да құлағдар көрінеді. Атамекендегіжаңалықтарды сұрады. Өзі де бізден кем білмейтін секілді.

   – Digitalдегеннен хабарыңыз бар шығар? – деді сосын.

  – Білеміз, әрине.

  – Білсеңіз, бүтін әлем осы саланы кеңінен дамытыпжатыр. Сіздің елде ақсап тұр.

  – Оны қайдан білесің?

  – Дерегім көп. Мысалы, әлеммен тілдесу мұңкөрінеді. Мұң болатыны – тарифі тым қымбат. «Қазақтелеком» деген монополист неөзі дамымайды, не өзгені дамытпайды. Мысалы, сол жақта бауырлардың  Қытаймен телефондасуы қиын. Тым қымбат. Бізоларға телефон ашсақ, тіпті төлемді байқамай қаламыз. Ол жақтан соғылса, қайтахабарласуымызды өтінеді. Бір інішекті оқытып, сол жақтан интернет арқылыбайланысуды үйретіп қойдым. Төлемі тым төмен. Негізі, байланыс құны тым арзантүседі ғой. Әлгі монополист ешкімге мүмкіндік бермейді екен. Негізі, біз миникоммутаторқойып, бағаны тіпті түсіріп тастаушы едік. Рұқсат ала алмадық. Мемлекеттің өзіде аса қаламайтын секілді. Іргедегі Қытайды айттық, анау әлеммен байланысқашығуы да бір қиын. Бизнестеріңіз қалай өрістейді енді?

  – Мейлінше дамып жатырмыз ғой.

  – Оны білеміз. Бірақ әлемдік үрдістен қалыпқоймау керек. На-на технология жемісін жейтін кез келді. Байқоңырдан ғарышқажол бар. Тіпті  Қазақстанға оңай ғой,әттең, жаңа саланың пайдасын білмей отырсыздар. Біз жақтан белсенсе, ағаларымызесіктерін іштен іліп алады. Білген соң айтамыз. Мен баруға тіпті де құмаремеспін. Қанша бауырлар жүр осында. Ханзудан кем меңгермеген ІТ саласын,солардың білімін пайдаланса ғой. Бұлар алысқа кетіп қалды. Оларды қуып жету қиын.Кете берсін. Қазақстанның өз жолы болу керек, саясатта шаруам жоқ. Мына заманкөшінен қалуға болмайды.

       Әлгі азамат көп дүниеден хабардар етті. Оныелге жеткізу жағынан бізде кемдік болды. Он төрт жыл бұрын цифрлық түсінікнөлдің маңында еді. Өзімізді айтамыз. Бауырдың айтқандарынан ұққанымыз,келешекте бүкіл тіршілік үйден атқарыла береді екен. Ең басты мәселе ақпараттыққауіпсіздік екенін де жиі айтып отырды. «Хакерлермен күрес соғыс біткеннің алдыболады» дегенін онша ұғынбадық. Жер-жебірімізге жетпесе де, біздің ІТ саладағыкөлдей-көлдей кемшіліктерді тізіп берді. Интернет заманының келгенін, сол істіҚазақстанда да өте тиімді етуге болатынын айтты. Ол кезде біз кімгетүсіндіргендей едік, бізді кім тыңдағалы тұр екен. Екі бірдей шетте жүргенбауырдың сөздерінен кейін цифрландыруда біздің ел кенжелеп қалғанын түсіндік.Бүкіл әлем білікті мамандарға зәру екенін қазір ғана түсінген жоқпыз. Сол екіжігіттің әңгімесінен аңғарып едік.  Шетінен оқымысты дейтін Израильдің өзі ІТсаласының мыңдаған білгірлеріне қызмет беруге дайын екенін естіп, Америка жылтеткен жасты қағып кететінін. Бірі сол елде қызмет етіп жүргенін айтты. Ол даТарбағатайдың күнгейінде туған бала. Америка әлем елдерінің базасын біліп отырама, әлде барлау қызметі күшті ме, кез келген елдің білімді, қабілеттібалаларының базасын жасап қойған дей ме, оқу бітірер-бітірместен ұсынысжібереді  екен. Қазір әлем елдеріндеҚазақстаннан шыққан дарынды жастар еңбек етеді. Тап осы ІТ саласында. Өзіндікбағдарлама ұсынатындары да бар көрінеді. Мысалы, Дина Ерланқызы деген қарындасМарк Цукербергтің қол астында қызмет ететінін естіп қалдық. Мүмкіндігі шектеуліжандарға әлеуметтік желіде жұмыс істеуді үйрететін  жоба ойлап тапқан секілді. ІТ саласын жақсыбіліп тұр ғой. Ондай мысалдарды жүздеп келтіруге болады. Жалпы, қазақтыңбалалары шетінен талант. Танылуы қиын. Талабы күштілердің үнемі жолы ашық болабермейді. Үздіктердің арасынан Асекеңнің аты аталып, үлкен қызметке барақалғаны соның бір көрінісі.

      Енді Бағдат Мусинге сенім артылды. Ол дабілімді жігіт екен. Тағы сол тілшілік сапарда Мусиннің лекциясына тап болдық.Анығында, еліміздегі «Білім және инновация» лицейінің көшбасшыларымен кездесугебардық. Бізді бөтенге санамаса керек, Бәкең ақтарылып түсті. Кейбір сөздерітіпті еркін. Оған да бірнеше жыл өтті-ау деймін. Талантты жігіттің айтқаныкөкейге қонғаны соншалық – күні бүгінге дейін жадымызда сақтаулы. «Бізді, яғниосы отырған баршамызды әке-шеше, ата-әжелеріміз білімге бағыттады. Атам айтушыеді, «қағаз керек» деп. Ол енді диплом ғой, әкем «дипломның ішіндегі бағаларбіліміңнің шын көрсеткіші болуы тиіс» дегенді құлағыма сіңірді. Шынымды айтсам,маған өмірдің өзі ұстаз еді. Әлі есімде, 16-ға толып, төлқұжат алуға барғаным.Анау тұста бір есік. Алды бір босаған емес. Кімдердің кіріп-шығып жүргенінтүсінбейсің. Таң бозынан кезек аламыз. Есік ашылғаннан кейін аласапыран басталады.Сәлден кейін айқай-шу. Жүйкесі шыдағандар ғана құжат алады. Екі-үш ретбарғаннан кейін әкем  «таныс іздейміз немесеанау делдалдардың көмегіне жүгінеміз» деді. Соны естігенде әлде әкеме, әлдеөзіме серт бердім. Дүниежүзі секілді Қазақстан да мынау өркениет көшінеілеседі. Кейінгі ұрпақ есік алдында үймелеп тұрмауы үшін мен миымды істетеміндеп. Істеттім. Қазір төлқұжат алу өте оңай. Халыққа қызмет көрсету орталығынабарыңыз да, ала беріңіз».

       БалаБағдаттың аға Бағдатқа айналғандағы шаруасына тәнті едік. Шынында да, құжатрәсімдеуде көп алға басушылық бар. Қой асығындай ғана жігіттің түсінігі қандайжақсы! Алғырлығы да байқалып тұр. Жайқалып келе жатқан лицей шәкірттерінің детілін тауып алды. Отыз шақты озат оқушы дәріс берушінің аузына қарап қалыпты.Біз де құлақ түрдік.

  – Аз қалды. Енді адамзат нотариус кеңесінкерек етпейді. Құжаттарды да өздері рәсімдейді. Кеңсе жағалауды қояды. Цифрлықбілімділік артып келеді. Цифрлық саясат та өзгерді. Мен ғой, бала кезімдегіжоспарымды жүзеге асырдым, сіздер де осы бастан ілкімді жобаларды жасапалғандарыңыз дұрыс. Бірнеше жылдан кейін жүзеге асыру үшін және ол Қазақстаншеңберінен аса алмайтын жоба болмасын, әлеммен араласып кету керек. Қазір дебос отырмаңыздар, білім алумен шектелу дұрыс емес. Тәжірибе қоса ширасын.Ғаламтор арқылы фирмалардың, компаниялардың жұмысына араласып кету керек.Мейлі, көл-көсір табыс болмаса да. Бәрі тиыннан құралады.  

  – Сіз өзіңізді қалай шыңдадыңыз? – дедішәкірттің бірі лектордың сөзін бөліп.

  –  Дүниені өзге қырынан тануыма әрі қабылдауымасебеп болған – Digital design. Сол сабақты әбденмеңгердім, меңгергенде қалай – жақсылап жаттап алдым. Емтиханды үздік бағағатапсырдым. Қасымдағы жігіт үшке әрең ілінді. Екеуміз үйге қайтып келе жатырмыз.Ол айтады, «бізге жүр, аздап ауқаттанып алайық, айтатын жаңалығым бар» деп.Арқаны кеңге салуға мүмкіндік туған. Емтихан аяқталды ғой. Ере жөнелдім. Үйінекелдік. Тамақ іштік. Содан кейін шұғылданып жүрген ісінен хабардар етті. Digitaldesign пәнінен түсінгенін басшылыққа алып, лазерлік сигнализация бағдарламасынжасап шығыпты. Міне, жігіт. Мен ше? Мен бас алмай оқуды білім алу деп түсініпкеліппін. Сол күннен бастап өзгердім. Білім алу бар да, оны бойға дарыту,дарыту бар да, әбден сіңіру қажет екенін түсіндім. Үшінші курста жүргендебірнеше жобаға қатыстым, өзімнің стратегиям және тактикам қалыптасты.

      Бағдат Мусиннің сондағы дәрісі екі сағатқасозылды. Қыбыр етпей тыңдадық. Көп нәрсені тілге тиек етті. Оның бәрін тізіпшығу маңызды емес. Біздің түсінгеніміз, Бағдат үздік студент болыпты. Оқуүлгерімі ғана емес, білімді сіңіруінде де мін жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолыбілімдіге тізгін ұстатты. Істі қожыратып алмайтыны анық. Бір кезде өзі оқыған дәрістенқорытынды шығарса, елдегі цифрлық салада бір жақсылық болатыны анық. Қай істеде өзін озық жағынан көрсететін Мусинге үміт артудың әбестігі жоқ. Тек Бағдатбарын салсын.

 Амангелді СЕЙІТХАН

Тегтер: