Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:39, 16 Шілде 2020

Жыртыққа жамау болмайды, 42 500 теңге «жырының» екінші бөлімі

                  Жыртыққа жамау болмайды

           42 500теңге «жырының» екінші бөлімі

     Белгілі болғандай, елде карантиндік режим  екі аптаға созылды.

Осыған байланысты үкімет42 500 теңгені мұқтаж жандарға тағы бір айға төлеуді ұйғарды.

     Білесіздер, бұған дейін де наурыз айында елдетөтенше жағдай енгізіліп, карантиндік режимге көшкен тұста үкімет «табысынанайырылғандарға дем береміз» деп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем төлеуді жөн санады. Сол тұста осы  42 500 теңгені алу үшін қарапайым халықайтысты, тартысты, карантиндік режимді ұмытып, банктерге жүгірді. Әйтеуір,үлкен еңбекпен өтініш бергендердің арасында  бұл ақшаға қол жеткізгендерболды. Енді  бұрын осы төлемді алғандарданқосымша мәліметтер сұралмайды, олардың деректері базада болғандықтан, наурыз,сәуір айларында осы жәрдемді алғандарға 42 500 теңге автоматты түрдетөленеді.

    Жәрдем дейміз-ау, қазір осы 42 500теңгенің айналасында бұқараның айтар базынасы көп. Елдің көпшілігі бұл соманы«қазіргідей қымбатшылық заманда жыртыққа жамау да болмайды» деп ашынады. Мәселен,Алматы қаласының тумасы Рахима Әзбергенова: «Мен төрт баланың анасымын. Тұңғышым екінші топтағы мүгедек.Жұмысымыздан айырылдық. Сол үшін 42 500 теңге алдым. Бірақ, шындығында,осы қаражатты не тамаққа, не дәріге, не нанға жеткізе алмадым. Жыртыққа жамауда болмайтын осы ақшамен үкіметтегілердің өздері де күндерін көре алмаушы еді»,– дейді.  

     Жалпы,ресми мәліметке сүйенсек, наурызда төтенше жағдай жариялаған тұста  табысынан айырылған 3 миллионнан астамадамға  42 500 теңге әлеуметтік төлем аударылған. Осы төлемді алу үшінхалықтан барлығы 5,9 миллион өтінім түскен. Соның ішінде 2,15 миллион адамға,яғни  өтініш бергендердің 37 пайызына  төлем тағайындалған жоқ.

   Егер осы 42 500 теңгені төтенше жағдай кезінде 3 млн адам алғанболса, төленген қаржының жалпы сомасы  127 млрд теңгені құрайдыекен. Еліміздегі дағдарысқа қарсы пакеттің қаржы көлемі – 6 трлн (!) теңге.  Сондақазіргі сәтте халыққа көмек үшін бюджеттен әлі 1 трлн теңге де жұмсалмағаныбелгілі болып отыр. Айтса айтқандай, шындап келгенде, 42 500 теңге  қарапайым халықтың бір айлық азық-түлігіне дежетпейді.

 

Ойсалар

     «Жас Алашқа» пікір білдірген әлеуметтанушыСерік БЕЙСЕНБАЕВ былай дейді:

Халық айтсаайтқандай-ақ, 42 500 теңге толықтай жұмыссыз қалғандардың қажеттілігінтолық өтейтін сома емес. Елдің әл-ауқатын көтеруге көмек болатын, көлемдіқаражат емес. Дәрі-дәрмек өте қымбат. Меніңше, 42 500 теңгенің әлеуметтікмаңызынан гөрі символикалық маңызы артып кетті. Бұл үкіметке  «біз осындай қадамға барып отырмыз, халыққакөмектесіп жатырмыз» деп есеп беру үшін ғана қажет болып отыр. Осылай демескеамал жоқ. Себебі қазір халыққа тек қаражат қана емес, тегін дәрі-дәрмек, тегінмедициналық көмекпен қамту, тегін КТ-дан өту, тегін тест тапсыру жағы қосакерек болып отыр. Бірақ бұл шараларды Үкімет дұрыс ұйымдастыра алмауда. Ал ендісол үкімет берген 42500 теңгеге қарапайым халық тест тапсырса, 15 мың теңгесікетеді, КТ-дан өтсе 20 мың теңгесі кетеді. Бір айға маска алатын болса, қалғанбес мыңы кетеді. Сонда тамаққа қаражатты халық қайдан алады?!

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер: