Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:26, 10 Қазан 2022

Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

None
None

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Жас Алаш  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді. Ол әуелі жұлқа көтеруде 95 килоны еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.  

Ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.

Тегтер: