Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:16, 19 Желтоқсан 2024

Зурабишвили Грузияда жаңа сайлау өткізуге шақырды

Саломе Зурабишвили
Irakli Gedenidze / Reuters

Грузия президенті Страсбургте Еуропарламенттің пленарлық отырысында сөз сөйледі. «Біз сайлауда дауыс ұрланғандықан сайлау мен Еуропадағы болашағымызды қайтаруды сұраймыз», - деді ол.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили полицияның бейбіт шерушілерді басып-жаншуына байланысты ЕуроОдақты елдің ресейшіл үкіметіне жаңа сайлау өткізу үшін қысым көрсетуге шақырды. Зурабишвили сәрсенбі, 18 желтоқсанда Страсбургте Еуропарламенттің пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Саясаткер 26 қазанда өткен сайлау кезінде орын алуы мүмкін заң бұзушылықтарды еске салды.

«Бірқатар аудандар мен кейбір облыстарда орын алған зорлық-зомбылықты мен өз көзіммен көрдім, Ішкі істер министріне (Вахтанг Гомелаури) телефон соғып, онымен байланыса алмадым... Ол әлі телефон соққан жоқ. Біз 1921 жылға (Тбилисиге Қызыл Армия кірген кезде) оралғандай сезінеміз, өйткені болған оқиға қайталанып жатыр. Грузиндер болып жатқан оқиғаны өз бостандығынан, болашағынан және белгілі бір мағынада тәуелсіздігінен айыру деп қабылдайды», - деді ол.

АҚШ Грузияға қарсы қосымша санкциялар енгізуге дайындалып жаыр

АҚШ Грузияға қарсы «таяу апталарда» қосымша санкциялар енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы 16 желтоқсанда өткен брифингте АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мэттью Миллер мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон Грузиядағы демократияның жай-күйі мен осы демократияға нұқсан келтіріп жатқан «Грузия арманы» партиясының әрекеттеріне алаңдаушылық танытқан.

Бейсенбі, 12 желтоқсанда Мемлекеттік департамент АҚШ елдегі «демократияға нұқсан келтіруге» кінәлі жиырмаға жуық Грузия азаматына визалық шектеулер енгізетінін хабарлады. Тізімдегілердің аты-жөні аталмағанымен, министрлер, парламент депутаттары және жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерлері бар екені белгілі.

Тегтер: