Ақпарат министрі Бекболат Тілеухан мен журналист арасындағы жанжалға пікір білдірді

Сайт әкімшілігі

30.12.2021, 10:45

10793

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеухан мен журналист Айнұр Қоскина арасындағы оқиғаға пікір білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі күні Мәжілісте журналист Айнұр Коскина депутат Тілеуханға оның қос әйел алуға көзқарасы туралы сұрақ қойып, оған депутат өзінің көп әйел алғанын, бұл оның «тағдыры» екенін ашық мойындаған болатын.  Бұдан кейін журналист Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салатын заң қабылдаған әріптестері – депутаттардың бұл фактіге қалай қатысы барын сұрады.  Ол жауап беруден жалтарып, лифтке кіріп, Коскина оның соңынан ерді.  Сол жерде, оның айтуынша, Тілеухан монопод штативін сындырып алған.  Журналист полиция шақырған.

«Бүгін Парламент ғимаратында журналист А.Коскина мен сұхбат беруші Б. Тілеухан арасында орын алған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс.», – деп атап өтті Аида Балаева.

Бұл ретте ол қақтығыстың екінші қатысушысы Бекболат Тілеуханды жақтады.

«Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын.», — дейді Балаева.

Айнұр Қоскинаның өзі Facebook желісінде бүгінгі оқиғаға қатысты полицияға арыз жазып, оқиғаның «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру» (ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы) бабымен тергелуін талап етіп отырғанын жазды.  Сондай-ақ ол Тілеуханды қолдайтын адамдардан қоқан-лоққы көргенін айтты.

Теги:

Похожие новости

Сайт әкімшілігі 24.12.2021, 17:42
Шымкентский «Усенов» на свободе и требует опровержений от 365info
Сайт әкімшілігі 11.11.2021, 20:22
ЖИТЕЛИ ЖЕТЫСУ: ВАКЦИНА – ЕДИНСТВЕННЫЙ СПОСОБ ПОБЕДИТЬ ПАНДЕМИЮ
Сайт әкімшілігі 10.11.2021, 19:04
#Qazaqstan30: 1000 мероприятий в рамках 30-летия
Олжас Ахмет 29.09.2021, 13:04
Путин о Казахстане: Все-таки это другая страна
Тунгушбаева Асема 29.09.2021, 11:22
Деньги закончатся у правительства к 18 октября, заявили в Минфине США
Марк Алмонд (Mark Almond) 28.09.2021, 08:40
Проигравшие на выборах в Германии - Франция, Китай и Россия (The Telegraph, Британия)

Рекомендации


  • Председатель Совета ветеранов города Кызылорда подозревается в финансовых махинациях
    09.03.2021, 06:31
  • Димаш Кудайберген уезжает в Китай
    29.09.2021, 09:10
  • Сенсационный успех сборной по футзалу отметил Токаев
    28.09.2021, 09:07
  • "Версия далека от правды". Глава БЦК прокомментировал заявление бывшей супруги
    24.09.2021, 14:46
  • 85% беднейших казахстанцев проживает в больших семьях
    24.09.2021, 10:44