«Айка» фильмі «Оскар»-ға жақын

18.12.2018, 16:50

242

Канн фестивалінің жеңімпазы «Айка» фильмі (реж. Сергей Дворецкий) «Оскар» сыйлығының қысқа тізіміне кірді. Басты рөлді қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнаған фильм «Оскарға» «Ең жақсы шетелдік фильм» номинациясы бойынша қатысып жатыр. Бұл номинация бойынша 9 фильм бақ сынауда. Бұл туралы Zhasalsh.kz сайты Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.Фильм Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» (Самал Еслямова) номинациясы бойынша жеңімпаз атанған. Сол себепті, «Оскарға» Қазақстан атынан қатысуда. «Айканың» бақталастары әзірге мексикандық Альфонс Куаронның «Рим» фильмі, япондық Хирокадзу Корэддің «Магазинные воришки» атты туындысы, поляктік режиссер Павел Павликовскийдің «Холодная война» кинокартинасы, ливандық «Капернаум» фильмі, немістердің «Never Look Away», даттардың «Виновен» атты фильмдері және колумбиялық «Birds of Passage» кинотуындысы болып отыр.Айта кетерлігі, фильм «ең үздік шетелдік фильм» номинациясына үміткер 87 фильмнің ішінен іріктелген 9 туындының бірі. «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары 2019 жылдың 22-қаңтарында белгілі болып, марапаттау салтанаты 24 ақпанда өтеді.Фото: wikipedia.org
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ 01.12.2021, 09:10
Қазақ философиясындағы дара тұлға
Индира БІРЖАНСАЛ 30.11.2021, 18:08
Жастармен бірге тыныстайтын басылым

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00