«Айтарын ашып айтқан абайламай, Махамбеттер, Абайлар-ай!»

Серғазы ҚАЛИҰЛЫ

07.01.2021, 10:01

2168

  Ардақты інім Смағұл! «Жас Алаш» газетінің өткен жылғы 22 желтоқсандағы санында жарияланған «Ақырзаман алдында» атты мақалаңызды оқып шығып, жазушылық талантыңызға тәнті болғандықтан, газет бетінен өзімнің ағалық жүрекжарды пікірімді білдіргім келді.

     Мен 93-ке аяқ басқан, педагогика ғылымының докторы, профессор, академик Қалиев Серғазы деген ағаңыз боламын. Төрт-бес жыл сал болып, тағдырым төсекке таңылған жанмын. Қазақ атамыз «Түстік өмірің болса, кештік мал жи» дейді ғой. Менің баққан малым – газет-журнал материалдары. Кейде көңілім селт еткенде мүмкіндігінше газет-журналдарды ақтарамын. Сіздің «Жас Алашқа» жариялаған мақалаңыз менің жүрегімнің отын тұтатып, нәр берді.

      Бүгінде Қазақстан жазушылар одағында 1080-дей мүше бар. Солардың 99 пайызы бүгінгі үкіметтің шашбауын көтеріп, мақтау ода жазудан жалықпай келеді. Шырылдап жүрген өзіңіз сияқты он шақты ақын-жазушы ғана. Олардың өздерінің соңына түсіп алған бүгінгі үкімет «отырса опақ, тұрса сопақ» етіп көрсетуден жалықпай келеді. Соған қарамастан, батылдықпен бүгінгі қоғамның аңысын аңдап, қоғамда болып жатқан, басқалар байқамағанды байқап, саралап жазған мақалаңызды оқып тәнті болдым. Әсіресе бүгінгі америкалық гомосексуалистік ағымның күшеюін, еркектің еркекке, әйелдердің әйелдерге үйленуі, өсімнің тоқырауы, ұрпақтың құруы жұртты алаңдатып отырған бүгінгі таңдағы құбылыс екенін орынды көтергеніңізге дән ризамын.

      Осыдан он шақты жыл бұрын бүгінгі әдебиеттің корифейі Әбдіжәмил Нұрпейісовпен дастархан басындағы бір сұхбатта: «Әбеке, XIX ғасырдың 30-жылдарында Атырау өлкесінде патша өкіметінің наставнигі Жәңгір ханға Махамбет ақын:

                             «Хан емессің, қасқырсың,

                             Қас албасты басқырсың!

                             Достарың келіп табалап,

                             Дұшпаның сені басқа ұрсын!» –

деген еді. Бүгінде Жазушылар одағында 1080 жазушы-журналист бар. Солардың біреуі неге мына алшный үкіметке қарсы тұрып, пікір айтпайды?» – дегенімде, ол кісі: «Бүгінгі заман басқа. Тоқсанға таяп қалған маған үкімет ештеңе істей қоймас, бала-шағамды, тұқымымды құртады ғой деп қорқамын», – деген еді. Байқап отырсақ, ол да рас сияқты. Бүгінгі аласапыран заманда мына үкіметтен бар нәрсені күтуге болады.

     Сіздер сияқты шындықты бетке айтып, қоғамның келешегін ойлайтын парасатты азаматтар көбейе берсін. Қадамыңызға Алланың нұры жаусын! Туған халқыңыздың болашағын ойлайтын сіз сияқты асыл азаматтар көбейе берсін! Қаламыңыз қарымды, ойыңыз шалымды болсын демекпін.

     

Тегтер: хат қалам пікір ой түйін

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН 14.01.2021, 16:30
Марио Варгас ЛЛОСА: Олар мәдениет саласындағы жұмысты әуестік деп түсінеді
Амангелді СЕЙІТХАН 14.01.2021, 13:01
Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ 09.01.2021, 18:46
Жолдасбек жайлы жылы сөз
Мариям МАҚСАТ 08.01.2021, 13:53
Жақсы істерге жарымаған Абай жылы
Әділ АҚЫЛБАЙ 07.01.2021, 12:47
Ұлттық киноны қолдау орталығын тергеу немен тынды?
Жеңісхан КЕНЕСАРИН 07.01.2021, 10:31
Қақбас

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11