Алаш баласы, ойланайық!

Тұрсын ЖҰРТБАЙ

21.01.2021, 12:00

6886

Бүгін асханада ас ішіп  отырғанымызда ойнап жүрген бала жығылып қап,  орнынан тұра алмады. Америкада колледж оқыған немерем көмекке ұмтылып барып,  тоқтап қалып, алыстан жұбатты. «Көтерсеңші жерден», –   деп ем, жан-жағына қарады. Іле анасы да келді. Немерем маған өзінің тоқтап қалуының себебін: «Америкада жығылған баланы ұстауға болмайды (бала шетелдік еді). Ол бөтен семьяның ісіне қол сұғу болып табылады. Мүмкін,  америкалық бала шығар», – деп түсіндірді. Сонда ыза боп: «Өйткен заңына болайын! Жығылғанға – сүйеу, сүрінгенге демеу болғанды жазалайтын», –  дегенмін ішімнен.

      Арада он сағат өтпей, енді, міне, өз елімде сондай заң қабылданғалы жатқанын біліп отырмын. Ұшынған, азғындыққа бастайтын, ата-ана мен баланың арасын арандататын заң. Қазақ менталитетіне мүлде қарсы заң.

       Біздің баспасөз қайда? Соншама можантопай болып кеткеніміз бе? Халықтың талқылауына салмай, мұндай аяр заңды қабылдауға болмайды. Қандай астыртын ойлары болды екен,  соны ұсынушы депутаттардан сұрау керек.

         Алаш азаматтары! Атсалысыңдар! Бұл мәселе тікелей ұлттың тұтастығына қатысты. Абай айтқандай, «Атадан бала ойы өзге» ұрпақтың қалыптасуына жол ашады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.03.2021, 16:25
"Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
Амангелді СЕЙІТХАН 05.03.2021, 12:29
Төрдегі төртеу - Түркістанда Қазақстан суперкубогын сарапқа салуда
Оралхан ДӘУІТ 05.03.2021, 09:32
«Жас Алаштан» шенеуніктер қатты қорқатын
Серік ШАЙМАН 03.03.2021, 10:12
Сейдағаңның серілері едік
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ 02.03.2021, 10:44
Бес тағдыр – бес тал гүл
Әкім ЫСҚАҚ 25.02.2021, 13:12
Буырқанған дауылда сыналған басылым

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44