Әлемнің 6 тіліне аударылатын авторлар аудармашылармен кездесуде

15.01.2019, 18:27

458

Қазіргі қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне аударуға қатысып жатқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының өкілдері шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлармен кездесу үшін Қазақстанға келді.Астанада өтіп жатқан кездесу аударманың көркемдік сапасын арттыруға бағытталған шаралардың алғашқысы. Жиында шетелдерден келген аудармашылар мен әріптес ұйымдардың өкілдері баяндама жасап, қазақстандық авторлармен пікір алмасты.  Қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асуда. Ал қазақ жазушыларын испан тілінде сөйлетуге Испания мәдениет министрлігі қолдау көрсетіп, әйгілі «Сервантес институты» кеңесші ретінде қатысуда. Француз тіліндегі нұсқасын дайындауға Париж қаласының мэриясы және Франция ұлттық кітап орталығы қатысса, орыс тілінде мәтін аудармасы мен әдеби редакциясы жұмысын үйлестіруге Ресей жазушылар одағы, басып шығару мен таратуға М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті атсалысады. Қытай тіліне аударып тарату мәселесі – ҚХР-дағы әйгілі «Ұлттар баспасы» айналысады. Сонымен қатар, араб әлеміне Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы аударып, таныстыратын болады.Аталған ұйымдар мен серіктестер кітаптың аударылуынан бастап таратылуына дейінгі шаруаларды атқаруға 50-ден аса маман тартты. Соның алғашқысы жолма-жол аударма жасау ісі. Қазір ағылшын, француз, орыс және испан тілдеріндегі жолма-жол аударма жұмысы аяқталды. Қытай және араб тілдерінде әлі жүріп жатыр.Бірнеше күнге созылатын кездесулер Астана және Алматы қалаларында өтеді. Шара аясында қазақ авторлары мен шетелдік мамандар оңаша кездесіп, жеке-жеке сұхбат құруға мүмкіндік алады.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы басталғанлы қолға алына бастаған бағыттардың бірі. Жоба Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының үйлестіруімен жүзеге асуда.Фото: 24.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қанат ТІЛЕУХАН 07.06.2023, 09:32
Данияр Базарқұлов, режиссер: Отанды сүю деген билікті сүю деген сөз емес
Есей ЖЕҢІСҰЛЫ 06.06.2023, 12:33
Серік Сәпиев: Миньяңда жалғыз қолмен жеңіске жеттім
Жексен АЛПАРТЕГІ 06.06.2023, 11:34
Қожекенің оралуы
Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫ 06.06.2023, 10:17
Ораловтың барында...
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 17:18
Бейбіт САРЫБАЙ. Ерлан ағай мен Мәулен ағайдың сабақтары
Ақгүлім ЕРБОЛҚЫЗЫ 02.06.2023, 11:00
Букмекерлік кеңселер: ойыннан от шығады

Аңдатпа


  • 100 қойдан 180 қозы алу синдромы немесе Бейсембаев пен Жақыпов мектепке барады
    10:12
  • Жамбыл полициясынан досың болса, қалтаңда пышағың болсын
    09:37
  • «Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
    09:01
  • Біздің жауымыз – жалған статистика
    07.06.2023, 12:30
  • «Ескерткішті Назарбаевқа қойғанда, сен де депутат болар едің»
    07.06.2023, 11:00