Әлеуметтік желіде «жалдамалы жазбалар» көбейіп барады

Бифат ЕЛТАЕВА

20.10.2021, 14:00

1045

Қазіргі таңда Facebook әлеуметтік желісі қарусыз майданға айналды. Қалағандар ақысын төлеп өтірікті – шындыққа, шындықты жалғандыққа айналдырып, «біреудің қолымен от көсей» береді. Заманауи қарым-қатынас құралын пайдаланып, бірін-бірі қудалап, кейде қисынға келмейтін дүниені жабылып қорғаушылардың саны да аз емес. «Жаңсақ айтпаса, жақтас іздеп керегі не» десек те, кейбір кездері ұлттың мүддесіне қарсы дүниелердің де «көп» адамның атымен жарияланып, аяқ астынан «қоғамның көзқарасына» айналып шыға келуі алаңдатпай қоймайды.

Адамды масқаралап, қудалауға бағытталған бірдей пост иелерінің әрекетінен тапсырыс орындаушылар екенін бірден аңғаруға болады. Бұл жайында журналист Мият Кәшібай да: «Кейінгі кезде фейсбук жамағатымның арасында бір «мәселеге» бірдей уақытта реакция білдіріп отыратын «френдім» көбейді. Жазбаларының мәтіні де өте ұқсас. Бұл пікірлес адамдардың шынайы қолдауы ма, әлде белгілі бір мәселені өз пайдасына шешуге мүдделі тұлғалардың тапсырысы ма?» – деп әлеуметтік желідегі парақшасында сынға алған болатын.

Кәшібайдың айтып отырғаны – қазақ тіліндегі оқулықтарға қатысты бір-біріне ұқсас жазбалар жайы. Жазбаның түпкі ойы қайдан шықты? Бұл жөнінде Ербол Мәндібек «Қазақ тіліндегі оқулықтарды сынау тапсырыс па?» деген арнайы тақырыппен сюжет дайындаған болатын. Онда «Көкжиек-Горизонт» баспасына тағылған айып тек біржақты қарастырылған дейді. Артынша Ербол Мәндібектің сюжетін жақтап, фейсбук әлеуметтік желісінде бірдей посттар қаптап кетті. Жұрт әлеуметтік желіде қанша мәрте сұраса да, әлгі егіздің сыңарындай жазбалардың «авторлары»: Ербол Мәндібек, Дина Әділ, Тәуірбек Бозекен, Нұрхан Нұрланұлы, Мақсат Рамазанұлы, Аршын Кемелжан, Әмірболат Құсайынұлы, Жазира Бегалы, Диас Нұрақындар ләм-мим демеді. Сосын біз бәлкім бір нәрсені түсінбей отырған болармыз деген оймен бір-екі әріптесімізге хабарласып көрдік.

Жазушы, журналист Мақсат Рамазан: «Жеке парақшам болған соң өзім білемін. Оның сіздерге не қызығы бар? Тапсырыспен орындалған пост деп ойласаңыздар, солай ойлаңыздар. Жеке парақшам – жеке өмірім болған соң өзім білемін», – деп шамданды.

Дәл осы жазбаның тағы бір авторы, журналист Алмат Әбдіраман «посттарды тапсырыспен жазбаймын» деп ақталды. «Фейсбук парақшама кіріп көрсеңіз, ана тілімізге қатысты посттарым көп. Оның ішінде бөліскенім де, жазғаным да бар. Мәселенің ашығын айтсам, бұл пост – ешқандай да тапсырыс емес. Мұны мен өзге достарыма пікір ретінде де жазғанмын. Қазақ тіліне қатысты қандай да бір тұқыру не кемсіткен мәселелер болса, оған ел азаматы ретінде бей-жай қарамаймын. Оған қоса жеке парақшам болғаннан кейін бөлісемін, кейде фейсбук достарымның мақалаларын жариялаймын. Алдағы уақытта мұндай сыни материалдар болса, одан ары қарай бөлісіп отырамын», – деді ол.

Кім қалай ақталса да, фейсбукте мәтіндес, мағыналас, суреті де бірдей жазбалар қаптап кеткенде не ойларымызды білмей қалатынымыз рас. Әрине кім қалай ақша табады, өз парақшасын қалай пайдаланады, бұл – олардың жеке шаруасы. Дей тұрғанмен жұрт аузына қарап отырған журналист-блоггерлердің мал тапқан осы екен деп, өздеріне деген жұрттың азғантай құрметі мен сенімін жоғалтып алмаса екен дейсің.

Тегтер: қоғам пікір пайым парасат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 13:00
Пешене
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 23:09
Талас Омарбеков дүниеден өтті
Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14