20.05.2019, 15:42
339
Семейдің сол жақ бөлігінің шетінде іргетасы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қаланған «Комсомол» (Компоселок) деп аталатын шағын кент бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жер алғашында Семей ет комбинатының жұмысшыларына баспана салуы үшін таңдалған. Кенттің төменгі бөлігіндегі бір-бірімен қабырғалас салынған қоспәтерлі ескі үйлер соның бір дәлелі. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде кент аумағы қанатын кеңге жайып, қазіргі күндері қалаға қоныс аударатындардың қызығушылығын оятатын ауданға айналды.
Бірақ, біздің айтпағымыз бұл емес, осы Комсомол кентінің шеткі жағындағы елеусіз, тар көшеге көрнекті ұлт қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның аты берілгендігі еді. Семей орталық мұрағатынан алынған дерекке сүйенсек, бұрын Фестивальная аталған көшеге Әлихан есімі сол кездегі жергілікті атқарушы биліктің көше атауларын қайта атау туралы шешіміне сәйкес, 1993 жылы берілген. Семейде тап сол кездері қаланың оң жақ бөлігіндегі көрнекті көшелерге Абай мен Шәкәрімнен бастап Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сияқты Алаш арыстарының аты беріліп жатқанда, көрнекті ұлт қайраткерінің аты бұл жаққа қалай түсіп кеткені белгісіз. Ал осыдан екі жыл бұрын, қаланың орталығындағы Ленин көшесіне Әлихан Бөкейхан есімін беру мәселесі семейліктер тарапынан бірнеше рет көтерілгенімен, оның атында көше барын көлденең тартып, көлеңкесінен үріккен қала билігі қолдау білдірген жоқ. Қалалық мәслихат депутаттарының ұсынысын мақұлдаған республикалық ономастикалық комиссия пәрменімен, өткен жылы бұл көше «Мәңгілік ел көшесі» болып өзгеріп кетті.
Хош, сонымен «Комсомолдағы» Әлихан Бөкейхан көшесінеқайта оралайық. Көшенің төменгі бөлігінің де, жоғарғы бөлігінің де кейпі нашар.Төменгі бөліктің дәл ортасында бірқатарға тізілген ағаштар жасыл желек жамылғанымен, көзге қораш көрінеді. Көшебасынан осылай жоғары өрлеп барып, №33 мектеп аумағынан өткеннен кейінжалғасына түссеңіз, ағаштар жоқ, бірақ, болар болмас асфальті бар, ары қарайшаңы көтеріліп, топырағы бораған тұсқа тап боласыз. Көшенің қос қапталындажалпы жиыны 100-ге толар-толмас қана үй бар.
— Көшенегізінде тыныш болғанымен, екі түрлі типте жатқаны біздің де көңілімізге қаяутүсіреді. Анау тұстан сіз көрген асфальтты Әлихан Бөкейханның 150 жылдығыкезінде бір «дөкей» бастағанда қуанып қалып едік. Сөйтсек, сол жерде тұратын туысыүшін салып беріпті. Біз тұратын мына бес -алты үй қыста қар шығаруға өзімізмашина жалдаймыз. Жарық толық тартылмаған. Оның өзі үш түрлі тарифпен келеді.Себебін, сұрап жатуға мұршамыз да, уақытымыз да жоқ. Біз тұратын жоғары жақ бөлігіосыдан отыз-қырық жыл бұрын жалғасып, созылды. Көшенің ала-құла екендігін былайқойғанда оның Әлихан Бөкейханның атында екенін айтудың өзі ұят. «Комсомолдың»орта тұсында кең, асфальтті әрі түнде самаладай жарық көшеге Суворкин деген «афганецтің»аты берілген. Ал етектегі дәл сондай тағы бір үлкен көше комиссар Рыковтыңатында. Оның қайдағы комиссар, қазақ жеріне, Алаш топырағына қандай еңбегісіңгенін бұл төңіректе білетін тірі жан жоқ. Ал, енді осы мәселесі жетіпартылатын көшедегі Әлиханның жанында Суворкин мен Рыков дегендер кімойласаңыз.., — дейді Ә.Бөкейхан көшесінің тұрғыны Серік РЫМБЕКҰЛЫ.
Серік Рымбекұлының сөзін негізге алып, Суворкин менкомиссар Рыковтың кім екенін ғаламтордан қарап көрдік. Семей қаласының тумасыСергей Суворкин расында да Ауғанстанның Қарабах елдімекенінлде 1982 жылыерлікпен қаза болған екен. Ал, комиссар Рыковтың қазақ жеріне үш қайнасасорпасы қосылмайтын кеңестік большевик болғандығын «Википедия» анықтамалығыкөрсетіп берді. Онда Алексей Иванович Рыков туралы «российский революционер, советский политическийи государственный деятель, первыйнародный комиссар внутренных дел РСФСР (1917)...» деген дерек беріліпті.Сонда әлдеқашан жойылып кеткен кеңестік дәуірді құрушы, РСФСР-дың алғашқы ішкіістер комиссарының атын әлі күнге дейін кең де жарық көшеде несіне сақтап,әлпештеп отырмыз?! Алаш қайраткері һәм ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның атын онсызда мазақ етіп «Комсомол» кентінің бұрышына тығып тынған қала билігінің оныбасқа бір көрнекі көшеге ауыстыруға құлқы жоқ. Оны бұрынғы Ленин көшесін Әлиханатына ауыстыру ұсынысын қабылдамағандығынан көруге болады. Алайда, Рыков сияқты«қызыл комиссар» «Комсомолдың» етегін ен жайлап, далиып жатқанын көргенде тарихиәділетсіздікке жаның төзбейді. Осы тұрғыда Назарбаевтың «Рухани жаңғыруын» екісөзінің бірінде айтатын облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ пен Семейдің әкімі Ермак СӘЛІМОВбастаған шенеуніктердің шын мәнінде оны құлағына да қыстырмайтындығын, тіпті,құптауға құлықсыздығын байқау қиын емес.
«Комсомолдың» атын өзгерту мүмкінемес...
Семей қалалық әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ономастика саласында кейінгі екі жыл ішінде бірқатар оң өзгерістер жасағандығын айтып, баспасөз мәслихатын өткізген еді. Аталған бөлімнің бас маманы Маржан Бахатованың мәліметіне сүйенсек, Семейдегі 1042 көшенің 382-і қазақ тілінде. Идеологиялық тұрғыдан ескірген 11 көше болса, атауы қайталанатын 391 көше бар екен. Сонау тоқсаныншы жылдардан бері қаламызда 87 көшенің ғана атауы өзгерген.
Өткен жылы республикалық ономастикалық комиссияның шешіміне сәйкес, Семейдегі Крупская көшесі Әзілхан Нұршайықов, Строительная көшесі Тұрсынғазы Рахимов көшесі, Комсомольская көшесі Жібек жолы, Кутузов көшесі Ардагерлер, Колхозная көшесі Берел, Социалистическая көшесі Самал, Декабристов көшесі Нұрсая деп қайта аталуы туралы шешім қабылданды. Бұл көше атауларының барлығы Әділет департаментінде тіркеуден өтіп, заңды күшіне енді. Осылардың ішінде Тұрсынғазы Рахимов және Әзілхан Нұршайықовтың көшелерінің салтанатты ашылуы 21 мамырға белгіленіп отыр.
Әрине, мұның бәрі ауыз толтыра айтуға лайықты, қуанышқа толы жаңалық. Алайда, Комсомольская көшесінің атын ауыстыруға қол жеткенімен, «Комсомол» кентінің атын жаңарту мүмкін болмайтын түрі бар. Осыған орай сұрақ қойған «Жас алаш» тілшісіне Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі М. Бахатова кенттің атын ауыстыру қиынға түсіп отырғанын жасырған жоқ.
— Біз Комсомол кентінің де атауын ауыстыруды қарастырып көрдік. Бірақ, оның ешқандай тарихи тұрғыдан растайтын тіркеу құжаты жоқ екендігі мәлім болып отыр. Сол себептен оған жаңа атау берудің мүмкіндігі болмай тұр. Қаламыздағы Комсомол, Цементшілер поселкесі ауызша аталып жүргенімен, атауын растайтын құжаты жоқтығын анықтадық. Сол себептен бұл кенттер осы ескі атаумен қала береді, — дейді Маржан Аманбердіқызы.
Фото:ult.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР