«Алланың мейiрiм-шапағаты өлшеусiз деп халықты адастырма»

12.01.2019, 15:56

461

Екi жолКөр азабынан құтылып маhшардағы сират-ул көпiрi арқылы бейiшке бастайтын жол:Фәниден – бақиға, күнәдан – ғибадатқа, күмәннан – кәмiлге (сенiмге), нысапсыздықтан – нысапқа, қараулықтан – қанағатқа, сараңдықтан – сақилыққа, надандықтан – адамгершiлiкке, кесiрлiктен – тағатқа, мекерлiктен – мейiрге, шаhуаттан – шапағатқа бет алған Тәуба жолы.Ал, керiсiнше жүрсең, көр азабынан Жаhаннам азабына бастайтын шайтан жолына түсесiң. Бұл жөнiнде имам Ғазали:«Тағы да айтатын бiр мәселе: Алланың жақсылық мархабаты мол, мейiрiм-шапағаты өлшеусiз – деп халықты адастырып қоймағын! Өйткенi, бұдан оның көңiлiне жайбарақаттық, астамшылық кесапаты пайда болар. Шариғат жолына кiрместен, Алла рұхсат етпеген iстермен шұғылданса – жаман мiнез-құлықтың ықпалында кетер», – дептi.Бұл екi жолды Абай да көрсетсе керек. «Абай жолы» қайсы?Абай: «Кiмде-кiм аhиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, бiлмек керек:Еш адамның көңiлiнде екi қуаныш бiрдей болмайды, екi қорқыныш, екi қайғы – олар да бiрдей болмайды.Мұндайда екi нәрсенi бiрдей болады деп айтуға мүмкiн емес. Олай болғанда:Қай адамның көңiлiнде дүние қайғысы, дүние қуанышы – аhирет қуанышынан артық болса – мұсылман емес.Ендi ойлап қарай бер – бiздiң қазақ та мұсылман (ба) екен?..»Бұл бiрiншi жол, яғни, «осы дүниеге керектiнi» емес, аhиретке керектiнi» алып, рух тазалығын тандайтын имандылық ықылымы, адамгершiлiк жолы.«… Бiреудiң бiлгендiгiне – бiлместiгiн таластырып, бiреудiң бағына, малына күндестiк қылып, ия көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Тiлеудi — құдайдан тiлемей, пендеден тiлеп: «Өз бетiммен еңбегiмдi жандыр» -демей: «пәленшенiкiн әпер» демек – ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай бiреу үшiн бiреуге жәбiр қылуына не лайығы бар? Екi ауыз сөздiң басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ… Оның несi адам?»Бұл – екiншi жол, яғни, имансыздықтың – азғындықтың жолы.Ал, ендi қай жолмен жүретiнiңдi өзiң танда.

Тұрсын ЖҰРТБАЙдың күнделігінен

Фото: gamer.ru
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 31.01.2023, 10:50
Бақыт Қажыбай, актер: Алаш рухын оята алсақ, үлкен жетістік сол!
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 10:40
Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері ондығына енді
Сайт әкімшілігі 30.01.2023, 08:34
Димаш Құдайберген Шанхайдағы фестивальға қазылық етеді
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 26.01.2023, 16:13
Күнәнің бергі беті
Тұрсын ЖҰРТБАЙ 26.01.2023, 10:23
Құрыш құйма немесе «Жерім үшін жаным ауырады...»
Есенгелді СҮЙІНОВ 25.01.2023, 11:31
Қимас жандай болған мысық

Аңдатпа


  • Зүлфия-ау, ит құрлы құнымыз болмады ма?!.
    07:20
  • Әкімдер ай қарап жүр ме?
    07:16
  • Тағдырын «дәретхана дауы» талқандаған...
    07:12
  • «Экстің» пайдасынан зияны асып кеткен жоқ па?!
    01.02.2023, 07:32
  • Бір мандатқа таластырды бұл билік...
    01.02.2023, 07:28