Алматыда цирктің жаңа маусымы ашылды

Бифат ЕЛТАЕВА

06.07.2021, 11:48

976

  Ұзақ мерзімді карантиннен кейін Қазақ мемлекеттік циркі көрерменмен қайта қауышты. Өнер ұжымы көпшілік назарына Hello circus атты жаңа қойылымды ұсынды. Қойылымға дейін цирк қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарымен мәслихат өткізіп, тілшілердің көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

  Цирк өнеріндегі барлық жанрларды біріктірген бұл қойылымда палуан жігіттердің күштік атлеті, даршылдар, орыс таяқшасындағы гимнастар, эквилибристер, лопингтегі вольтижер-акробаттары, әуе гимнастары және үйретілген иттер мен аттардың өнері көрерменді таңдай қақтырды. Әсіресе бүлдіршіндер үйретілген аңдардың өнеріне тәнті болды.

  Бағдарламада армрестлингтен халықаралық спорт шебері, экстремалды күш спорты бойынша бірнеше рекорд иегері Тимур Спатаев, белдіктегі әуе гимнастары Марина Старобудова мен Даяна Жетпісова, Ханджоуда өткен иллюзия өнерінің халықаралық фестивалінің алтын жүлдегері Ләззат Байтоқанова секілді мықты артистер өнер көрсетті.

— Қазақ мемлекеттік циркінде 3 шілде мен 15 тамыз аралығында Hello circus атты жаңа бағдарлама көрерменге тарту етіледі. Бір жарым жылдық үлкен үзілістен кейін көрерменмен қайта қауышу біз үшін де, көрермен үшін де үлкен қуаныш. Себебі цирк деген бекзат өнерді көрерменнің сағынбауы мүмкін емес. Осыған орай, санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Ashyq» жүйесін қолданып, залдың 30 пайыздық орнын көрерменге дайындадық.

       Ал  цирктің дайындығына келсек, карантин кезінде артистеріміз бос қарап жатпады. Өйткені цирк артисі де спортшы секілді күнде жаттығып ширамаса, өз бабын тез жоғалтып алады. Сол себепті қызметкерлеріміз қарантин талаптары жеңілдегенше үйден жаттығып жүрді. Үздіксіз дайындықтың арқасында артистеріміз де, жануарларымыз да халықаралық  жарыстарға дайын. Алматылықтар мен қала қонақтарын жаңа қойылымды көруге шақырамыз, – дейді цирк директоры Бақыт Бөкебаев.

     Ал көз ілеспес жылдамдықпен киім ауыстырып үлгеретін өнерімен көрерменді таңғалдырып жүрген иллюзионист Ләззат Байтоқанова:

— Бұл жақта жүргенімізге алты ай болды. Бір өнер көрсеткенде сегіз көйлек ауыстырып үлгеремін. 2010 жылы Қытайдың Ханджоу қаласында өткен иллюзия өнерінің фестивалінде Алтынай Байтоқановамен бірге өнер көрсетіп, алтын жүлдегер болдық. Алдағы уақытта пандемия аяқталып жатса, тағы да Қытайға барып өнер көрсету жоспарда бар. Өйткені ол жақта тек  фестивальға қатысып қана қоймай, тәжірибе алмасуға болады. Ал басқа елдерден шақырту түсіп жатса, баруға дайынмын. Алдағы уақытта иллюзия театрын ашу ойымда бар, – дейді.

Өнер ордасындағы жаңа бағдарламаны бүлдіршіндер 15 тамызға дейін тамашалай алады.

Тегтер: цирк өнер туынды талғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Зинаханым КҮНЕШҚЫЗЫ 01.12.2022, 11:24
Жерім деп өткен ер еді...
Темірғали КӨПБАЙ 01.12.2022, 10:52
Қойшының түсі
Гүлзира СЕРҒАЗЫ 30.11.2022, 08:47
Раушан сарыны, қобыз зары, аққу сазы
Сайт әкімшілігі 29.11.2022, 15:41
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Бифат ЕЛТАЕВА 29.11.2022, 10:09
Дарынды балалар – жарқын болашақтың бастауы
Сайт әкімшілігі 28.11.2022, 22:34
«Orda zhekpe-zhek Championship-1» халықаралық кәсіпқой түрнирі өтті

Аңдатпа


  • Қазақтың құны: тазыдан төмен, төбеттен сорлы
    08:52
  • Кеше мақтап, бүгін даттап, Жаңбыршиндер жүр қаптап...
    01.12.2022, 09:06
  • Қазақстанның тәуелсіздігі қыл үстінде тұр
    01.12.2022, 08:59
  • Назарбаев – елдің өткен шағы
    01.12.2022, 08:55
  • Барға бар, жоққа жоқ мемлекеттік бағдарламалар
    30.11.2022, 08:45