«Алтын қалам» жылдың ең үздік қаламгерін анықтады

Айжан БҮРКІТБАЕВА

29.10.2020, 03:17

1263

Алматыда 27 қазан күні «Алтын қалам» әдеби клубы үздік авторларды марапаттады. Шығармалары оқырман көңілінен шығып, ең көп дауыс жинап, сарапшылардың оң бағасын алған қаламгерлерге «Әдеби Оскар» жүлдесі табысталды. Бұл шара ҚР Ұлттық кітапханасында Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін  «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылған.

«Алтын қалам 2020» байқауына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Беларусь елдерінен, сонымен қатар биыл тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка Республикасынан барлығы 408 автор қатысты.

Он бірінші рет өткізілген әдеби байқауда поэзия, проза, сатира, киносценарий және драматургия, фантастика мен детектив, «Дарабоз» балаларға арналған шығармалар, роман жанрлары бойынша үздіктер анықталды. 

Наурыздың 15-інен қыркүйектің 15-іне дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма байқаудың <a href=«www.akalam.kz/» style=«font-family:»Times New Roman",serif; color:blue; text-decoration:underline">www.akalam.kz

ресми сайтында жарияланып, оқырмандардың және қазылардың сараптауынан өткен.

Байқау екі кезеңнен құралған. Алғашында қаламгер шығармасын «Алтын қалам» сайтына жүктеп, оқырман даусын жинаса, келесі кезеңде іріктелген туындылардың ең үздігін әділқазылар алқасы таңдайды. Көптің көңілінен шыққан шығармалардың авторларына бағалы сыйлықтар тапсырылады.

«Алтын қалам 2020» байқауында «Жылдың ең үздік поэзиясы» номинациясы бойынша Моңғолиядан келген Макинара Хайримның туындысы үздік шықты. Ал проза жанрында «Өлім гүлі немесе Қытай түрмесінен қашқан қазақ қызының күнделігі» шығармасының авторы Ертай Айғалиұлы бас жүлдеге ие болды. Бауыржан Оспанов тағайындаған Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде – 1 000 000 теңгені алматылық Заман Төлеуов жеңіп алды. Жазушының «Қарақуыс» романы «Үздік қазақ романы» аталымы бойынша үздік деп танылды. Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені балалар шығармашылығына арналған «Дарабоз» байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық Алпысбай Хонж иеленді.

 «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы биыл алғаш рет жабық есік форматында ұйымдастырылып, салтанатты жиынға тек жеңімпаздар мен жоба серіктестері және БАҚ өкілдері шақырылды. 19 қазанда жарияланған байқаудың қысқа тізіміне әр жанр бойынша жеті шығармадан енгізілген болатын. Қазылар шешімімен солардың ішіндегі ең үздік бір шығарма ғана марапатталды.

Аталмыш шара туралы «Алтын қалам» әдеби жүлдесін ұйымдастыру комитетінің директоры Кенже Жұманұлы былай деп пікір білдірді:

— Пандемия салдарынан еліміздегі және әлемдегі жағдай көз алдымызда әп-сәтте өзгеріп шыға келді. Қауіпті індетке байланысты туындаған күрделі жағдайға қарамастан, «Алтын қалам» жүлдесі жалғасын тапқанына қуаныштымын. Биылғы бәйгеде бақ сынағандар қатары былтырғыдан өскен және олардың арасында танымал авторлар, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан жүлде алған кәсіби деңгейі жоғары қаламгерлер көп болды. Бір атап өтерлігі, биыл akalam.kz сайтына кіріп, байқауға ұсынылған шығармалармен танысып, пікір білдіргендер қарасы қалың. Соңғы төрт күнде 1 млн-нан аса адам конкурстың ресми сайтын ашып оқыған.

Тегтер: алтын қалам қаламгер жыл үздігі номинация дарабоз кезең

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 22:38
Сүзге ханым
Сайт әкімшілігі 10:57
Диего Марадона неден көз жұмғаны айтылды
Талғат АЙТБАЙҰЛЫ 24.11.2020, 11:00
"Жабық тақырып жөніндегі ашық әңгіме"
Бифат ЕЛТАЕВА 23.11.2020, 14:38
Алтын адамның алтынын сақтап, бас сүйегін қайда жібердік?
Айжан БҮРКІТБАЕВА 20.11.2020, 03:30
Гиннесс рекордтарын жүзіммен жаулаған бағбанды мемлекет неге қолдамайды?
Сайт әкімшілігі 18.11.2020, 16:15
Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42