«Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз

Сайт әкімшілігі

19.10.2021, 10:30

2646

«Жас Алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры мен «Жас Алаш» газетінің бірлескен республикалық эссе байқауын жариялаймыз. Қор басшылары мен газет ұжымы ақылдаса келіп, байқауды жастар арасында өткізгенді жөн көрді. Әдетте байқауға жасы үлкен, атағы дардай қаламгерлер де қатысып жатады. Әрине жазуы төселген адам үшін жазуды енді бастаған өндірдей жастан озу онша бір қиындық туғызбауы мүмкін. Тіпті жазудағы айырмашылық 30 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлерде де анық байқалып қалады. Қалай дегенде де, жалпы байқауда бақ сынаушыларға берілетін мүмкіндік бірдей бола бермейді. Осыны ескере келіп, бұл байқауда жасы 30-дан аспаған талапты жастарды қолдайық деп шештік.

Байқау ережесі және шарттарымен төменде таныса аласыздар. Байқауға қатысты (марапаттау форматы, өтетін орны, уақыты, шарты) өзгерістерді арнайы хабарлап отырамыз.

«Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры мен «Жас Алаш» газетінің бірлескен республикалық эссе байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 – Республикалық эссе байқауы (бұдан әрі – Байқау) қазақтың классик жазушысы, дарынды драматург, ұлт жанашыры Рахымжан Отарбаев пен «Жас Алаш» газеті тақырыбын қамтиды.

Байқаудың мақсаты:

Эссе жанрының дамуына үлес қосу, қалам ұстаған шығармашыл тұлғаларға қолдау көрсету, ынталандыру;

– Рахымжан Отарбаев шығармашылығын насихаттау;

– Газет, баспасөз саласына, соның ішінде «Жас Алаш» газетіне деген жастардың көзқарасын анықтау, қаламын ұштау;

2. БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

2.1 – «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры және «Жас Алаш» газеті (бұдан әрі – Ұйымдастырушылар) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

2.2 – Байқау қорытындысы Атырау қаласында өтеді (Карантин жағдайына байланысты қорытынды қашықтан өтуі мүмкін. Өзгерістер ұйымдастырушылар парақшасында алдын ала хабарланады).

3. БАЙҚАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

3.1 – Республикалық Байқауға 18-30 жас аралығындағы үміткерлер  қатыса алады.

3.2 – Байқауға келесі номинациялар (тақырыптар) бойынша жазылған эсселер қабылданады:

Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық тұлғасына арналған номинациялар:

1. «Қара сөздің қаймағын қалқыған қаламгер».

2. «Қазақ драматургиясының дара шыңы».

3. «Мен таныған Отарбаев».

«Жас Алаш» газеті тақырыбындағы номинациялар:

1. «Серінің сертке таққан семсеріндей «Жас Алаш»

2. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі»

3. «Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ»

3.3 – Байқауға қатысушылар Байқау Ережесі жарияланған күннен бастап  өз жұмыстарын Ұйымдастырушылардың электрондық поштасына (rahimzhanruhaniat@mail.ru) жіберуі тиіс. Байқауға қатысуға өтініштер 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады. 

4. БАЙҚАУДЫҢ НӘТИЖЕСІН ШЫҒАРУ

4.1 – Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Ұйымдастырушылар анықтайды. Қазылар алқасының құрамы  қор иелерінен, беделді әдебиетшілерден, «Жас Алаш» газетінің редакция құрамынан тұрады.

4.2 – Байқау жеңімпаздары 6 номинация бойынша (1. «Қара сөздің қаймағын қалқыған қаламгер», 2. «Қазақ драматургиясының дара шыңы», 3. «Мен таныған  Отарбаев», 4. «Серінің сертке таққан семсеріндей «Жас Алаш»», 5. «Халық көзі, құлағы һәм тілі», 6. ««Жас Алаш» пен жаңа ұрпақ») анықталады. Әр номинациядан тек бір қатысушы жеңімпаз атанады.

4.3 – Әр номинация жеңімпазы 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.

4.4 – Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат Байқау қорытындысы өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Ұйымдастырушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылады.

Байқауға қатысты қандай да бір өзгерістер болып жатса арнайы хабарлайтын боламыз.

Байланыс телефондары: +7 701 558 2170

E-mail: rahimzhanruhaniat@mail.ru

Тегтер: байқау журналистика шебер кәсіп

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 13:00
Пешене
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 23:09
Талас Омарбеков дүниеден өтті
Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14