Әр бала өмірді көру үшін келеді

Еңлік АРЫҚБАЙ

06.10.2021, 18:00

614

  Бала десе, ет-жүрегі елжіремейтін адам кемде-кем. Тіпті баласының жазылмайтын дертпен ауыратынын не болмаса өмір бақи соқыр болып өтетінін білсе де, оны адам қатарына қосқысы келеді. Жыл сайын өмірге келуге асығып, мерзімінен бұрын дүние есігін ашатын сәбилер саны өсіп келеді. Олармен бірге патологиялық ауру да қатар жүреді. Оның ішінде ең көп таралғаны – ретинопатия дерті. Яғни көз жанарының дамымай қалуы. Оған дер кезінде көмек көрсетпесе,соңы өмір бойына соқырлыққа әкеп соғады.

Әлемде жыл сайын 15 миллионға тарта нәресте шала туады екен. Оның 1 миллионға жуығы дүние есігін ашпай жатып көз жұмса, тағы біразы физикалық, неврологиялық дертке шалдығады. Мысалы, Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан астам шақалақ шала туады. Оның бір бөлігі көз бойынша мүгедек болып өседі. Өйткені толық аяқталмаған жүктілік жоғарыда айтылған ретинопатия дертімен аяқталады. Әйтсе де медицинаның дамуы бұл дерттің де алдын алуға сеп болуда. Офтальмологиялық ауруларды емдеуге арналған арнайы әдістер мен құрал-жабдықтар бар. Арнайы лазерлік операцияны көптің қалтасы көтере бермейді. Десек те, «Милосердие» еріктілер қоғамы» ҚҚ көмек қолын созып жатқан саланың бірі – шала туған шақалақтардың ретинопатиясы.

Басты мәселе – шала туған нәрестелердегі оптикалық нервтердің зақымдануына әкелетін бұл ауруға уақытында диагноздың қойылмауы. Мәселені жүйелі түрде шешу, ретинопатияның алдын алу және емдеудің бірыңғай ұлттық бағдарламасын әзірлеу үшін білікті балалар офтальмолог-хирургі қажет. Себебі көру қабілетін сақтау үшін балаға кейде бірнеше операция жасау керек. Өкініштісі, заманауи аппарат көптеген аймақтарда жоқ. Ал қуантарлығы, «Милосердие» қоғамы Санкт-Петербург қаласындағы Балалар клиникалық ауруханасымен қарым-қатынасты нығайтқан. Өйткені осы ауруханада көз микрохиругиясы бөлімінде талай шақалақ айналаны көруге мүмкіндік алуда.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының әлеуметтік жобалары арқасында Ердана мен Нұрдана Болатханның көзіне ота жасалды. Егіздер 27-ші аптасында өмірге келіп, «ақ жапырақтылар» қатарын толықтырды. Әрқайсысының салмағы 1300 грамнан аспайтын. Олардың ата-анасы қаражат тапшылығына байланысты «Милосердие» қорына көмекке жүгінген. Қордың «Балаларға өмір сыйла» акциясы аясында Нева қаласында ота жасайтын болып шешіледі. Алайда пандемияға байланысты Нева қаласына тікелей әуе рейстері ұшпайтын еді. Сондықтан егіздерді Стамбұл арқылы жеткізуге шешім шығарылады.

Алайда ұшу кезінде үш айлық Ердананың жүрегі тоқтап қалды. Бағына қарай, рейсте түрік дәрігері Реджеп Шекер дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, сәбиді аман алып қалған. Біраз уақыт Анкара ауруханасында болған олар аман-есен Санкт-Петербургке аттанады. Осы орайда, Ердана мен Нұрдананың анасы Әйгерім: «Милосердие» қорына, сондай-ақ шетте қалмай, өз үлестерін қосқан, бізге көмектескен жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Өйткені моральдық және материалдық қолдаудың арқасында балаларымызға операция жасалып, аман қалды. Олар дүниеге келгенде «Өмірінің соңына дейін соқыр болып қала ма?» деген қорқыныш маза бермеген еді. Мейірімді жандар көру мүмкіндігінен бөлек, ертеңімізге деген сенім ұялатты», – деп алғысын жеткізеді.

Айта кетерлігі, 2010-21 жылдар аралығында «Балаларға өмір сыйла» акциясы аясында 259 кішкентай қазақстандық ем алды. 2020 жылы ғана салмағы 500 грамм болатын, патологиямен өмірге келген сәбидің өмірі сақталып қалған. Жүктілікті аяқтауына анасының денсаулығы келмегендіктен, мерзімінен бұрын босануына тура келген. Отандық білікті дәрігерлердің арқасында шақалақ аман қалды. Бүгінде бір жастан асқан оның денсаулығында ешқандай ақау байқалмайды. 

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасында жыл сайын 20 мыңнан астам сәби шала туады. Олардың шамамен 40 пайызында ретинопатия диагнозы қойылған (8000-ға жуық бала). Бүгінгі таңда ретинопатияны емдеудің әлемдегі жалғыз қабылданған әдісі – уақтылы диагноз қою арқылы соқырлықтың алдын алуға мүмкіндік беретін тамырсыз тордың лазерлік коагуляциясы. Мұнда маңыздысы – сәби дүниеге келгеннен кейін 24-72 сағат ішінде әрекет ету керек. Егер уақыт созылса, әдетте, көмектесу қиынға соғады.

Тегтер: ана-бала демография статистика тұрмыстық зорлық-зомбылық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ 13:00
Пешене
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 23:09
Талас Омарбеков дүниеден өтті
Оңалбек ӘУЕЛБЕКОВ 02.12.2021, 13:12
Қажымұқанды насихаттау – қазақты құрметтегенмен бірдей
Жақсыбек САЙЛАУБАЙ 02.12.2021, 11:19
Ана - бақыт, ана - деген шырағың!
Жарас КЕМЕЛЖАН 02.12.2021, 09:00
Светқали Нұржан: Басымды шауып тастаса да, тілімді кесіп, қаламымды тартып ала алмайды
Қуандық ТҮМЕНБАЙ 01.12.2021, 16:47
Саябақтағы классикалық әуен

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14