Әр хатта адам тағдыры

Сайт әкімшілігі

15.09.2020, 09:52

434

      Редакциямызға келіп жатқан хаттар легі бір толастар емес.

Арқалаған аманаттары да сан алуан. Негізінен, әділдік іздеген қорғансыз жандардың жанайқайын жариясыз қалдырмауды жөн көрдік.

     Бірінші хат мәтініне назар аударсақ: Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Ақши Сарғожа ауылының тұрғыны, 78 жастағы қария Марат Ташмұханбетов Ұлттық банк төрағасы Досаевқа хат жазып: «Қанша уақыттан бері сіздің құзырыңыздағы банктер анда-мында қуалап, 2012 жылы БТА банкінде қалған 274, 92 доллар ақшамды осы уақыт аралығындағы пайыздық өсімімен қайтармай отыр, соған көмектессеңіз екен» деп өтініш білдіре келе, жасы ұлғайған адамның соңғы кездері денсаулығы нашарлап, көзіне ота жасатуға жүріп-тұруының да қиындағанын алға тартады.

    Екінші хаттың иесі қазіргі күнде кең етек алған маркетингтік бизнес құрбандарының күн санап көбейе түскенін айғақтайды. Солардың бірі  Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылының тұрғыны «Студио Модерн Казахстан» деген компаниядан теледидардағы жарнамасына бола тізеге тартатын магнитті лентаға тапсырыс беріп алданғанын айтады. «Көрсетілген адрес бойынша қоңырау шалсам, Алматы қаласында деген телефонға Ақтөбе қаласынан жауап беріп, әуре-сарсаңға салып қойды» деп күйінеді.

      Енді бір хаттың иесі Тараз қаласы Караванная көшесі №31 үйдің тұрғыны, 74 жастағы өнертапқыш Марат Аюбаев деген азамат: «Осы уақытқа дейін ғылымның әр саласына байланысты 30 жаңалық аштым және патенттеп алғанмын. Сол тапқан 30 жаңалықтың ішінде 9 жаңалық тілсіз жау – өртке қарсы бағытталған. Осы жаңалықтарды іске асырсақ, көптеген жетістіктерге қол жеткіземіз», – дейді. Және де осы сынақтарды бейнефильмге түсіргенін, ол көріністерді:

  • Fасеbook (фильм о пожаре)
  • YouTube (шебердің қолы ортақ)

(https://www.youtube.com/watch?v=r3jo7kfrjzA) сайтынан Марат Аюбаев деген парақшадан көріп, ел игілігіне асыруды ұсынады.

     «Тапқан жаңалықтарымды 30 жыл бойы іске асыра алмай келемін. Егер сіздер осыны газет бетіне жарияласаңыздар, үкімет басында отырған кісілер бір көмегін беріп, өрттен көптеген адам өмірін, мал-мүлкімізді, байлығымызды сақтап қалар едік», – дейді.

      Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғыны Тілеухан Аязбаев деген азамат: «Жуырда үйдегі папкалардағы қағаздарымды ақтарып отырып, бір газет қиындысына көзім түсті. Онда бір сурет беріліпті де, суреттің төменгі жағына «Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнеткер Айша Оразқызы Ержановна дүниеден озды» деп жазылыпты. Түсінбедім», – дейді. «Әлде сурет сөзінің «терең мағынасына» өрем жетпеді ме? Алғаш оқығандағы әсерім солай болса керек, өйткені сурет сөздерінің астын сызып, тұсына баттитып сұрақ белгісін қонжитыппын. Сонда қалай, Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін дүниеден озған ба дербес зейнеткер? Әдетте әр қиындының сыртына қай басылым екенін түртіп қоюшы едім, бұл жолы мүлт жіберіп алыппын», – деп өкінішін білдіреді. «Тек қиындының жоғарғы жағында №55 (5874) 14 мамыр 2020 жыл» деп тасқа басылған айғақ қана тұр. Қиындының қағазына қарасам, республикалық деңгейдегі басылымдардың біріне ұқсайды. Мейлі ғой, тек «Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін… дүниеден озды» дегенге түсінбей отырғаным» деп аяқтайды.

       Ал енді бір хатта Алматы қаласының тұрғыны Асан Болат деген азамат: «Менің қазіргі тұрағым Алматы қаласы. Ақтөбе облысы Байғанин ауданында шығатын «Жем-Сағыз» газетін осы уақытқа дейін жаздырып алып келдім. Апта сайын пошта арқылы бандерольмен келіп тұратын. Биылғы маусым айының 18-і күнгі №24 санынан соң мүлдем тоқтады. Байғанин ауданы пошта басшыларының айтуынша, «Қазпошта» басқармасы газетті бандерольмен жіберуді тоқтатқан.  Газеттер енді Алматы қаласы маңындағы ҚазЦИК селосындағы сортировка жасау орталығына жіберілетін көрінеді. «Қазпошта» байланыс орталығының 1499 телефонына үш мәрте хабарласқанымда мәселемді жазып алып, «шешіп беремізден» әрі аса алмай отыр.

     Менің айтпағым: мемлекеттік органдар халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуге міндетті екенін ұмытпаса екен. Бұл жағдайда «Қазпошта» жауапсыздыққа жол алдырып отыр. Сіздерден жәрдем күтемін, құрметті «Жас Алаш» газеті» деп аяқтапты.

Редакциядан:

      Иә, хат та, оған жауап та жазылуы керек. Қыжылға тола қыж-қыж қайнаған, бастан-аяқ боғауыз бен қарғысқа толы хаттар да жетерлік. Осы тұста қай жерге хат жазып отырғандарыңызды ұмытпасаңыздар екен дейміз. Эмоцияға беріліп не болса соны жазу әдепсіздік қана емес. Не жазсақ та, абай болайық, қадірменді оқырман! Біз хаттарды жауапсыз қалдырмауға тырысамыз.

      Бір ауыз сөзде бәрі бар...

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжаз ҚАРЫБЕК 22.09.2020, 10:33
Бекжігіт СЕРДӘЛІ: Менің сахнам – дастархан басы
Дамир ӘБІШЕВ 22.09.2020, 10:21
Ұятың қайда теңге?
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ 17.09.2020, 10:36
Дара дауысты ДИАС
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.09.2020, 10:36
Фашисті қынадай қырған қарағандылық танкіші қыздар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.09.2020, 10:28
Қарағандылық белсенділер Абай еліне аттанады
Төлеген АРКОНОВ 15.09.2020, 10:23
Сүйікті газетім – жан серігім

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27